Мекен жайы Астана қ., Қонаев көш., 10 үй, 7 қабат
Call-center 8 (7172) 60-30-30
8 (7172) 60-32-52
1200 / 20.12.2012 14:45

Жоғары көрсеткіштермен келді

Қызылорда локомотив пайдалану депосында Ел тәуелсіздігі мерекесіне орай өткен алқалы жиын асқақтаған әнұранмен ашылды.

Қызылордалық локомотившілер тәуелсіздік күнін жоғары көрсеткіштермен қарсы алып отыр. Мәселен, биылғы жылдың он бір айында тасымалдау жұмысы 16 420, 598 млн. тонна-км бруттоға орындалса, локомотивтің жалпы жүрісі 9724,677 мың шақырым болып, жоспарды 100,50 пайызға орындаған. Ал локомотивтердің орташа тәуліктік өнімділігі 2131,69 мың тонна шақырымға орындалған. Сонымен қатар биыл локомотив пайдалану паркі 28 дана жаңа ТЭЗЗА «Эволюшн» тепловоздарымен толықтырылыпты.

Шара барысында депо бастығы Жұлдызбай Мұсаевтан бөлек, кәсіподақ жетекшісі мен саланың өзге де мамандары құттықтау сөз сөйлеп, жүрекжарды лебіздерін жеткізді. Тіпті, ақжарма тілектерін жыр маржандарымен өрнектегендер де болды. Жиын соңында Қазақстан Республикасының тәуелсіздігі күніне орай ұжымда абыройлы қызмет етіп, қажырлы еңбек сіңірген 18 жұмысшыға депо директорының «Алғыс хаты», 7 адамға ІІІ-ші дәрежелі біліктілік класы берілсе, 15 жас маман «Нұр Отан» ХДП қатарына қабылданды. Сонымен қатар тәуелсіздік күні қарсаңында Қызылорда темір жол бөлімшелері арасында өткізілген волейболдан жарыста көзге түскен спортшылар марапатталып, оларға бағалы сыйлық тапсырылды. Айтып өтсек, додалы жарыста Қызылорда локомотив пайдалану депосы жүлделі І-орынды иеленсе, ІІ-орынды Қызылорда жол бөлімшесі, ал ІІІ-орынды Электрмен жабдықтау дистанциясы алған еді.

Сәкен АЛДАШБАЕВ, Қызылорда

«Казахстан теміржолшысы» газеті

Поделиться:
Популярные новости
1745 / 01.06.2018

«ҚТЖ-Жүк тасымалы» АҚ-ның барлық филиалдарында Халықаралық балаларды қорғау күнін атап өтті

«ҚТЖ-Жүк тасымалы» АҚ-ның барлық филиалдарында Халықаралық балаларды қорғау күніне арналған іс-шаралар өткізілді. Асфальтқа салынған ең үздік су...

1491 / 31.05.2018

«ҚТЖ-Жүк тасымалы» АҚ қызметкерлеріyt «АЛЖИР» лагерінің тұтқындарының өмірі туралы әңгімелеп берді

«Астана» теміржол торабының кәсіподақ ұйымы «ҚТЖ-Жүк тасымалы» АҚ қызметкерлеріне саяси қуғын-сүргін және аштық құрбандарын еске алу күніне арна...

1353 / 30.05.2018

«ҚТЖ – Жүк тасымалыАҚ қазылар алқасы балалар байқауының қорытындысын шығарды және жеңімпаздарды анықтады

«ҚТЖ - Жүк тасымалы» АҚ Халықаралық Балаларды қорғау күніне қызметкерлердің балаларының арасында елорданың 20 жылдық мерейтойына арналған «Астан...

Соңғы жаңалықтар

Горячая линия

Вы можете сообщить о любых нарушениях Кодекса поведения в том числе о фактах коррупции, мошенничества, неэтичного поведения, дискриминации

Толығырақ


Серіктестер