Сенім сертификаттарын "ҚТЖ-Жүк тасымалы" ЖШС 4 теміржол кәсіпорны алды.
Сенім сертификаттарын "ҚТЖ-Жүк тасымалы" ЖШС 4 теміржол кәсіпорны алды. "ҚТЖ-...
Бұл туралы компанияның баспасөз қызметінен хабарлады.
Аталмыш сыйлық теміржол саласының дамуына және компанияның гүлденуіне үлес қосқан 30 жасқа дейінгі қызметкерлерге беріледі. Жыл сайын конкурстық негізде 23 аталым бойынша үздіктер анықталады.
Биыл «Жылдың жас машинисі» аталымында «Локомотив» - «Шу эксплуатациялық локомотивті депосы» АҚ-ның машинисі Ахат Өмірзақов жеңімпаз болды.
Жеңімпазға грамота мен мүсіншені «Локомотив» АҚ-ның вице-президенті Асқар Мақсұтов табыс етті.
«Барлық жас теміржолшыларға өздерін көрсетуге мүмкіндік жасағаны үшін «ҚТЖ» ҰК» АҚ-ның басшылығына үлкен ризашылығымды білдіргім келеді. Олар біздің әлеуеттеріміздің ашылуына көптеген тамаша мүмкіндіктер берді», - деді ол.
Сондай-ақ «Жылдың жас техникалық маманы» аталымы «Локомотив» АҚ техникалық даму басқармасының бастығы Айбек Кәміловке берілді. «Мемлекеттік сатып алуларды ұйымдастырушы жас маман» атағына «Локомотив» АҚ мемлекеттік сатып алулар басқармасы Тауарлы-материалдық құндылықтарды сатып алу бөлімінің бас маманы Жазира Темірбаева лайық деп танылды. «Жылдың жас юристі» аталымы құқықтық қамтамасыз ету басқармасының бас маманы Азамат Медеубаевқа берілді.
«ҚТЖ-Жүк тасымалы» АҚ-ның барлық филиалдарында Халықаралық балаларды қорғау күніне арналған іс-шаралар өткізілді. Асфальтқа салынған ең үздік су...
«Астана» теміржол торабының кәсіподақ ұйымы «ҚТЖ-Жүк тасымалы» АҚ қызметкерлеріне саяси қуғын-сүргін және аштық құрбандарын еске алу күніне арна...
«ҚТЖ - Жүк тасымалы» АҚ Халықаралық Балаларды қорғау күніне қызметкерлердің балаларының арасында елорданың 20 жылдық мерейтойына арналған «Астан...