Ақтөбе жүк тасымалдау бөлімшесі: тиеу көлемін арттыру, маршруттауды дамыту
Ағымдағы жылдың 11 айында Ақтөбе жүк тасымалдау бөлімшесі бойынша жүктерді тие...
Алматы облысының Достық станциясында «Локомотив» АҚ филиалы –«Ақтоғай локомотив пайдалану депосы» еңбеккерлеріне жаңа пәтерлердің кілті табыс етілді.
Еңбеккерлерге пәтер кілтін «Локомотив» АҚ вице-президенті Жамалхан Тәнкеев тапсырды. Ол пәтер иелерін қуаныштарымен құттықтай отырып, машинистер мен олардың көмекшілерінің үйге сұранысын қанағаттандырудың ұжымдық шартта көрсетілген міндеттеменің бірі екендігін атап өтті.
-Соңғы уақытқа дейін Достық станциясының еңбеккерлері вахталық әдіспен қатынап жұмыс жасап келді. Олар Алматы, Семей, Өскемен, Балқаш қалаларынан іссапарлап келгенімен қиындық көргені рас. Ендігі жерде машинистер отбасыларын көшіріп алып, жайлы қонысқа орналасады. Оған қоса еңбеккерлердің тынығуына арналған жағдайлар да жасалған,- деді ол.
Үш қабатты тұрғын үйдің құрылысы 2010 жылы басталған болатын. Барлығы 153 пәтер берілсе, оның 99-ы үш бөлмелі, 27-сі бір және екі бөлмелі пәтерлер. Тұрғын үй соңғы үлгідегі жоба бойынша тұрғызылды. Сондықтан да пәтерлердің жобалары аса ыңғайлы, жайлы, үлкен балконы да бар.
«Локомотив» АҚ инвестициялық бағдарламасына орай салынған пәтерлер «Достық» станциясындағы теміржолшыларға арналған шағын ауданның басталғандығын аңғартады.
Достық станциясы халықаралық шекаралық өткелдегі пойыздарды қабылдап, жөнелтуде, жүктерді өңдеуде мемлекеттік маңызға ие орын. Бұл Қазақстанмен Қытайды темір жол арқылы жалғастыратын негізін теміржолшылар құрайтын үш мыңға жуық халқы бар елді мекен.
«Қазақпарат»
«ҚТЖ-Жүк тасымалы» АҚ-ның барлық филиалдарында Халықаралық балаларды қорғау күніне арналған іс-шаралар өткізілді. Асфальтқа салынған ең үздік су...
«Астана» теміржол торабының кәсіподақ ұйымы «ҚТЖ-Жүк тасымалы» АҚ қызметкерлеріне саяси қуғын-сүргін және аштық құрбандарын еске алу күніне арна...
«ҚТЖ - Жүк тасымалы» АҚ Халықаралық Балаларды қорғау күніне қызметкерлердің балаларының арасында елорданың 20 жылдық мерейтойына арналған «Астан...