Желтоқсан айында биылғы астықтың кезекті миллионы жөнелтілді
27-12-2024 Маркетингтік 2024-2025 жылдары астық тасымалдау көлемінің тұрақты ...
Ақмола облысындағы Көкшетау қаласында «Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ өнертапқыштардың үздіктерін іріктеді. Оған Ұлттық компанияның барлық құрылымдық бөлімшелері мен еншілес кәсіпорындарынан үміткерлер қатысты.
«Жылдың үздік техникалық шешімі» аталымы «Локомотив» АҚ ТЭ33А тепловозын 9 мың литрге дейін май құятын багін ойлап тапқан бір топ мамандарға бұйырды. Қазіргі таңда аталмыш тепловоз 6,5 мың литр ғана май тұтынады. Бұл тепловоз түрі Алматы- 1 станциясынан Ақтоғай станциясына дейін тартым қызметін көрсетеді.
- Пойыз артықтау салмақпен шыққан кезде Ақтоғай станциясына дейін тепловоз 4000 литр майды тұтынады. Май құятын бактің тығыздығын ұстап тұратын жоғарғы бөлігіне дейін герметикалық муфта орнатып 9000 литрге дейін май құюға болады,-дейді «Локомотив» АҚ басқарма бастығы Ольга Лобанова.
Бұл өнертапқыштық ұсыныстың қажеттілігі сонда, Алматы-1 ден Семей станциясына дейін ұзартылған бағдардың тепловозы Ақтоғайға тоқтап қайта жарақтандырылмайды. Бұл өз кезегінде локомотивтің айналым уақытын қысқартып, учаскелік жылдамдығын жоғарылатуға, станциялық және деполық тұруын қысқартады.
Мамандардың пайымдауынша, осы ұсыныстың өзі ғана жылына 200 миллион теңгенің үнемділігіне қол жеткізеді.
«Локомотив» АҚ Баспасөз қызметі
«ҚТЖ-Жүк тасымалы» АҚ-ның барлық филиалдарында Халықаралық балаларды қорғау күніне арналған іс-шаралар өткізілді. Асфальтқа салынған ең үздік су...
«Астана» теміржол торабының кәсіподақ ұйымы «ҚТЖ-Жүк тасымалы» АҚ қызметкерлеріне саяси қуғын-сүргін және аштық құрбандарын еске алу күніне арна...
«ҚТЖ - Жүк тасымалы» АҚ Халықаралық Балаларды қорғау күніне қызметкерлердің балаларының арасында елорданың 20 жылдық мерейтойына арналған «Астан...