Желтоқсан айында биылғы астықтың кезекті миллионы жөнелтілді
27-12-2024 Маркетингтік 2024-2025 жылдары астық тасымалдау көлемінің тұрақты ...
Кезекті кездесу 29 қараша күні Астанадағы №15 мектеп-лицейде өтті. «Локомотив» АҚ-ның өкілдері балаларға шойын жолдар жоғары қауіпті нысандар болып табылатындығын ескертіп өтті. Бұл туралы компанияның баспасөз қызметінен мәлім етті.
«Мұнда барынша сақ болу керек. Бірақ ол туралы ұмытып кететін адамдар бар, атап айтқанда, балалар. Олар өз өмірлерін қатерге тіге отырып, таянып келе жатқан пойыздың алдынан жүгіріп өтеді, вагондардың артына тіркеліп сырғанайды, болат жолдардың үстімен жүреді, бұл ретте, олар көп жағдайда телефонмен сөйлесіп немесе музыка тыңдап келе жатады. Балалар қозғалыс үстіндегі пойызды тоқтату оңай емес екендігін есте сақтауы керек. Қозғалыс жылдамдығына, пойыздың салмағына, жолдың профиліне байланысты тоқтау қашықтығы 1000 метрді құрауы мүмкін», - деп атап өтті «Локомотив» АҚ экплуатация басқармасының бастығы Асхат Түсіпқанов.
Басқарма бастығы сондай-ақ, мұндай төтенше оқиғалардан кейін машинист терең күйзеліске түсетіндігін қосып өтті.
Балалардың сұрағына жауап бере келе «Локомотив» АҚ-ның өкілі машинист мамандығын мамандандырылған білім беру мекемелерінде алуға болатындығын, одан кейін машинист көмекшісі болып жұмыс істеп, біліктілік курсынан өту қажеттігін, тек содан кейін ғана оған локомотивті басқару сеніп тапсырылатындығын айтып өтті. Ол сондай-ақ жыл сайын ең үздік теміржолшыларға саланың басты марапаты - «Құрметті теміржолшы» белгісі тапсырылатындығын айтты.
«ҚТЖ-Жүк тасымалы» АҚ-ның барлық филиалдарында Халықаралық балаларды қорғау күніне арналған іс-шаралар өткізілді. Асфальтқа салынған ең үздік су...
«Астана» теміржол торабының кәсіподақ ұйымы «ҚТЖ-Жүк тасымалы» АҚ қызметкерлеріне саяси қуғын-сүргін және аштық құрбандарын еске алу күніне арна...
«ҚТЖ - Жүк тасымалы» АҚ Халықаралық Балаларды қорғау күніне қызметкерлердің балаларының арасында елорданың 20 жылдық мерейтойына арналған «Астан...