Мекен жайы Астана қ., Қонаев көш., 10 үй, 7 қабат
Call-center 8 (7172) 60-30-30
8 (7172) 60-32-52
1540 / 29.11.2012 20:03

ТЕМІР ЖОЛ ОЙЫН АЛАҢЫ ЕМЕС - АКЦИЯСЫ БАСТАЛДЫ

Темір жол ойын алаңы емес. Республикамыздың шойын жол жеткен барлық өңірлерінде осындай акция басталды. Теміржол саласының білікті мамандары мектеп оқушыларымен кездесулер өткізіп, қауіпсіздік ережелерін ескере жүруді тапсырып жатыр.

Теміржолдағы көп кездесетін қайғылы оқиғалар белгіленген орыннан өтпеу, рельстің үстіне ойнау салдарынан орын алады. Сондай-ақ, тексерістер нәтижесінде мұндай жайттар оқушылардың демалыстары кезінде көбірек орын алатыны анықталды. «Локомотив» АҚ жүргізген зерттеулердің нәтижесінде анықталғандай 2012 жылдың 10 айында 155 теміржол көлігі оқиғасы тіркелген. Бұл өткен жылдағы көрсеткіштен 17 бірлікке аз. Ал, мұндай оқиғалар ең көп тіркелген жол тораптарының қатарында Алматы, Ақтөбе, Шымкент және Қызылорда облыстарының жолдары бар. Ал, Астана қаласының маңында ондай оқиғалар тіркелмеген. Керісінше, Астана депосының бір машинисі кездейсоқ бір баланың өмірін сақтап қалған.

Қанат Жапаров, «Локомотив» АҚ «Астана локомотив пайдалану депосының» директоры:

Көпірден құлаған, тоқ сымдарына соғылған, сосын қарға кіріп кеткен. Кездейсоқ, біздің 43 пойыздың машинисті көріп қалып, тоқтап, ол баланы жедел жәрдем шақырып аурухана жеткізген.

«Локомотив» АҚ қызметкерлерінің кезекті кездесуі Астанадағы 15 мектеп лицейде өтті. Теміржолшылар балаларға болат жолдың бойы ойын ойнау үшін тым қауіпті жер екенін ескертті. Жүріп келе жатқан пойызды тоқтата салу аса оңай нәрсе емес. Тіпті, кей ауыр жүк пойыздары тежелген соң да өз екпінімен бір шақырымға дейін жүріп барып, тоқтайды. Мұндай ақпараттар оқушыларға қызық көрінді, тіпті теміржолшыларға өздерін қызықтырған сұрақтарды да қойды. Тәжірибелі теміржолшылар балаларға көп мағлұмат берді. Көп жағдайдың ата аналарға да байланысты екенін баса айтты.

Қанат Жапаров, «Локомотив» АҚ «Астана локомотив пайдалану депосының» директоры:

Қазіргі балалар теміржолға жақын жүреді, құлақтарына наушник тағып алған, жақын қалған пойызды естімейді. Балаларымен сөйлесуі керек, жолдан өтсе көпірмен өтіп жүрсін.

«Локомотив» қызметкерлері ескерткен тағы мәселе: ол қайғылы жағдайға тап болған машинистердің жайы. Мұндай жағдай салдарынан кісі өліміне жол берген машинистердің аса қиын күйзеліске түсетінін айтты. Демек, теміржолдағы сақтығымыз барлығымыз үшін маңызды.  

Поделиться:
Популярные новости
2020 / 01.06.2018

«ҚТЖ-Жүк тасымалы» АҚ-ның барлық филиалдарында Халықаралық балаларды қорғау күнін атап өтті

«ҚТЖ-Жүк тасымалы» АҚ-ның барлық филиалдарында Халықаралық балаларды қорғау күніне арналған іс-шаралар өткізілді. Асфальтқа салынған ең үздік су...

1747 / 31.05.2018

«ҚТЖ-Жүк тасымалы» АҚ қызметкерлеріyt «АЛЖИР» лагерінің тұтқындарының өмірі туралы әңгімелеп берді

«Астана» теміржол торабының кәсіподақ ұйымы «ҚТЖ-Жүк тасымалы» АҚ қызметкерлеріне саяси қуғын-сүргін және аштық құрбандарын еске алу күніне арна...

1595 / 30.05.2018

«ҚТЖ – Жүк тасымалыАҚ қазылар алқасы балалар байқауының қорытындысын шығарды және жеңімпаздарды анықтады

«ҚТЖ - Жүк тасымалы» АҚ Халықаралық Балаларды қорғау күніне қызметкерлердің балаларының арасында елорданың 20 жылдық мерейтойына арналған «Астан...

Соңғы жаңалықтар

Жедел желі

Сіз Мінез-құлық кодексінің кез келген бұзушылықтары туралы, оның ішінде сыбайлас жемқорлық, алаяқтық, әдепсіз мінез-құлық, кемсітушілік фактілері туралы хабарлай аласыз.

Толығырақ


Серіктестер