Ақтөбе жүк тасымалдау бөлімшесі: тиеу көлемін арттыру, маршруттауды дамыту
Ағымдағы жылдың 11 айында Ақтөбе жүк тасымалдау бөлімшесі бойынша жүктерді тие...
26 қараша күні АҚШ-тың Вашингтон қаласында АҚШ-тың Эспорт-Импорттық Банкі мен (АҚШ Эксимбанкі - Export-Import Bank of the United States) «Қазақстан Темір Жолы» Ұлттық компаниясы» АҚ-ның («ҚТЖ») компаниялар тобы арасында несиелік келісімге қол қойылды. Бұл туралы «Локомотив» АҚ-ның («ҚТЖ»-ның 100 пайыздық еншілес кәсіпорны) баспасөз қызметінен мәлім етті.
Келісім 400 млн. АҚШ долларынан астам сомаға жасалды. Оған сәйкес АҚШ-тың Эксимбанкі қарыз алушыны (қаржыландырудың қалыпты тәжірибесі қарызды делдал-банк арқылы ұсыну болып табылады) тікелей қаржыландыратын болады.
«Бұл АҚШ Эксимбанкінің Қазақстанда жүзеге асыратын тікелей қаржыландырудың алғашқы келісімі», - деп атап өтті «Локомотив» АҚ-ның президенті Марат Медеубаев.
Аталмыш несие бойынша қарыз алушы - «Локомотив» АҚ. Жобаның мақсаты General Electric (АҚШ) компаниясының жинақтаушы бұйымдарынан құрастырылған ТЭ33А сериялы «Эволюшн» локомотивтерін сатып алуды қаржыландыру болып табылады.
Құжатқа АҚШ Эксимбакінің президенті Фред Хохберг, «ҚТЖ» ҰК» АҚ вице-президенті Қанат Алпысбаев пен «Локомотив» АҚ президенті Марат Медеубаев қол қойды.
ҚазАқпарат
«ҚТЖ-Жүк тасымалы» АҚ-ның барлық филиалдарында Халықаралық балаларды қорғау күніне арналған іс-шаралар өткізілді. Асфальтқа салынған ең үздік су...
«Астана» теміржол торабының кәсіподақ ұйымы «ҚТЖ-Жүк тасымалы» АҚ қызметкерлеріне саяси қуғын-сүргін және аштық құрбандарын еске алу күніне арна...
«ҚТЖ - Жүк тасымалы» АҚ Халықаралық Балаларды қорғау күніне қызметкерлердің балаларының арасында елорданың 20 жылдық мерейтойына арналған «Астан...