Сенім сертификаттарын "ҚТЖ-Жүк тасымалы" ЖШС 4 теміржол кәсіпорны алды.
Сенім сертификаттарын "ҚТЖ-Жүк тасымалы" ЖШС 4 теміржол кәсіпорны алды. "ҚТЖ-...
Тараз локомотив депосының мәжіліс залында «Локомотив» АҚ, «Қамқор Локомотив» ЖШС, «ЛСЦ» АҚ филиалдары басшыларының қатысуымен локомотивтердің өткен он айдың өндірістік көрсеткіштері және күзгі комиссиялық байқау қорытындысы бойынша екі күндік семинар кеңес болып өтті.
Локомотившілер жиынына арнайы келген Жамбыл жол бөлімшесінің директоры Талғат Құлжабаев семинар жұмысына сәттілік тіледі. Бұдан соң сөз алған «Локомотив» АҚ атқарушы директоры Болат Ибадуллаев ағымдағы жылдың оныншы қыркүйек пен отызыншы қазан айлары аралығында өткен күзгі комиссиялық байқау барысында негізінен локомотивтердің қысқа дайындығы пысықталғандығын айтып, көпшілікті ашық пікір алмасуға шақырды. Жиында күзгі комиссиялық байқау қорытындысы бойынша негізгі хабарламаны локомотивтерді жөндеу жұмыстарын ұйымдастыру басқармасының бастығы Марат Жапаров жасады. Оның сөзіне қарағанда комиссиялық байқауға барлығы 1 471,5 бірлік локомотив тартылса, бұл инвеньтар паркінің 86 пайызын құраған. Оның 1000,5 данасы тепловоз болса, 471-і электровоздар. Ал 210,5 локомотив күрделі жөндеуден өтіп, резервте тұр екен. Бес баллдық жүйе негізінде баға – 4,1 баллға бағаланған. Яғни, электровоз бойынша – 4, тепловоз бойынша 4,2 балл. Сондай-ақ, 228,5 бірлік локомотив «үздік», 1 129 локомотив - «жақсы», 114 локомотив - «қанағаттанарлық» деп бағаланған.
- Ал, «Локомотив» АҚ бойынша он айдың жөндеу көрсеткіші есепті мерзімде күрделі жөндеу және техникалық қызмет көрсетуге жоспарланған 10 358 локомотивтің көрсеткіші 98,1 пайызға орындалған. Сондай-ақ, он айдың қорытындысы бойынша жөндеу мекемелерінің барлығына 804 акт рекламация толтырылған. Жөнделмеген локомотивтердің тұру уақыты 63215 сағат болса, бұл өткен жылдың осы мерзімімен салыстырғанда 2331 сағатқа кем. Рекламация жұмысының нәтижесінде мекемелерге 221 миллион теңге айыппұл тағайындалса, оның 167 миллионы ғана өтеліп отыр. Бұл 75,5 пайызды құраған, - деді Марат Жапаров.
Жиында «Қамқор Локомотив» ЖШС филиалдарындағы локомотивтердің күзгі комиссиялық байқау қорытындысы бойынша баяндаманы серіктестік директорының орынбасары Әділбай Қанатбаев жасады.
-Күзгі комиссиялық байқау бойынша «Қамқор Локомотив» ЖШС локомотивтері жүз пайыз қамтылды. Барлығы 812 бірліктің 476-сын тепловоз, қалған 336-сын электровоздар мен электропойыздар құрады. Байқау қорытындысы бойынша әр мекемеде талқылаулар болып, онда негізінен қысқа дайындық жайы кеңінен пысықталып, ақаулардың алдын алу мәселелері талқыланды,- деп ақпар берді Әділбай Сағындықұлы.
Семинар-кеңес ашық диалогқа ұласты. Онда негізінен локомотив пайдалану және жөндеу деполарының басшылары өздерін толғандырып отырған мәселелерді ортаға салып, ауқымды тақырыптар төңірегінде ой тарқатты. Ал, жиын соңында күзгі комиссиялық байқау қорытындысында жақсы көрсеткіштерге қол жеткізген мекемелер марапатталды. Марапаттау рәсімін «Локомотив» АҚ атқарушы директоры Болат Ибадуллаев жүргізді. «Локомотив» АҚ президентінің 9 қарашадағы №711-АОТ бұйрығымен орта балл есептік көрсеткішімен және күзгі комиссиялық байқауды дұрыс ұйымдастырғаны үшін, техникалық базасы толық, мәдени, санитарлық және эсетикалық талаптары толық орындалған бірқатар мекемелер жүлделі орындардан көрінді. Атап айтқанда, бірінші топ бойынша –Қостанай локомотив пайдалану депосы бірінші орын Түркістан локомотив пайдалану депосы екінші орын Защита локомотив пайдалану депосы үшінші орын иемденді. Ал, екінші топ бойынша – жүлделі орын Арыс локомотив пайдалану депосына бұйырса, жүлделі екінші және үшінші орындарды Жамбыл локомотив пайдалану депосы мен Жаңа-Есіл локомотив пайдалану депосы өзара бөлісті. Сондай-ақ, үшінші топ бойынша бірінші орын тұғырынан Жаңа-Есіл локомотив пайдалану депосы көрініп, екінші орын Аягөз локомотив пайдалану депосына бұйырды. Үшінші орынды Семей локомотив пайдалану депосы алды. Жүлделі орыннан көрінген деполар арнайы дипломдар мен қомақты қаржылай сыйлықтарға ие болды.
Екі күндік семинар-кеңеске қатысушылар Жамбыл локомотив пайдалану депосының мұражайында болып, байырғы депоның тарихымен танысты.
Ерман Әбдиев, Жамбыл
Суреттерді түсірген автор
«Казахстан теміржолшысы» газеті
«ҚТЖ-Жүк тасымалы» АҚ-ның барлық филиалдарында Халықаралық балаларды қорғау күніне арналған іс-шаралар өткізілді. Асфальтқа салынған ең үздік су...
«Астана» теміржол торабының кәсіподақ ұйымы «ҚТЖ-Жүк тасымалы» АҚ қызметкерлеріне саяси қуғын-сүргін және аштық құрбандарын еске алу күніне арна...
«ҚТЖ - Жүк тасымалы» АҚ Халықаралық Балаларды қорғау күніне қызметкерлердің балаларының арасында елорданың 20 жылдық мерейтойына арналған «Астан...