Мекен жайы Астана қ., Қонаев көш., 10 үй, 7 қабат
Call-center 8 (7172) 60-30-30
8 (7172) 60-32-52
1459 / 24.11.2012 12:37

АҚАУСЫЗ ЖҰМЫС ЕҢБЕКТІ АҚТАЙДЫ

-Атырау локомотив пайдалану депосында өткен он айда локомотивтер тарапынан пойыздық, маневрлік жұмыстарда ақау немесе қызметкерлердің жарақат алу жағдайы орын алмаған. Ал күзгі комиссиялық тексеруге локомотив пайдалану паркіндегі барлық 52 тепловоз жатқызылып, оның 44-і тексеруден өтті, 8-і тексеру тізімінен алынған. Тексеруге жатқызылған локомотивтер ішінде 24 магистральдық, 10 маневрлік және 10 жолаушы тепловозы болды. Тұтастай алғанда тепловоздар «жақсы» деп бағаланып, нәтижесінде 4.0 балл құрады,- дейді бізбен әңгімесінде депоның жөндеу бақылау бөлімінің бастығы Нұрлан Қорғанбаев.

Сонымен қатар, күзгі тексеру кезінде локомотив бригадаларымен тепловоздардың сыртқы келбетін сәнге келтіру, 21 тепловозды және машинист кабиналарының кейбір жерлерін сырлау, поликтерді техника және өрт қауіпсіздігі талаптарына сәйкестендіру, жазғы майды қысқыға ауыстыру жұмыстары жүргізілді. Жөндеуге келсек, өткен қазан айында тепловоздарды жоспардан тыс жөндеуге қоюдың 41 жағдайы тіркеліп, ал МК сериясы бойынша 33 жағдайы тіркелген. Бұл былтырғыдан көп, ол тепловоздардың әбден ескіріп, тозғандығының белгісі болар. Депоның локомотив пайдалану бөлімінің инженері Айдар Қонарбаевтың айтуынша, «Дженерал Электрик» 2ТЭ10МК сериялы модернизацияланған тепловоздар Мақат локомотив жөндеу депосында, ал жолаушы және маневрлік тепловоздар «Біржан-1» ЖШС-да жөндеуден өтеді.

Жасыратыны жоқ, тепловоздардың озығынан тозығы жеткені көп. Деполықтардың айтуынша, америкалық құрама тепловоздар жиі бұзылатын көрінеді, оларды Мақатта не Ақтөбеде жөндейді, бірақ жоғарысы америкалық, төменгі тұстары бұрынғы өзіміздің тепловоздардың бөлшектері болған соң жөндеуі де, жүруі де қиындық туғызып, мысалы жөндеуден шыққан кейбір тепловоздар Атырауға жетпей қайта бұзылып, оны кері қайтаруға тура келетін де жағдай болған. Тепловоздар сай болса, машинистер жұмысында кінәрат жоқ. Қазір жол жақсарды, Атырау-Ақсарай арасында жөндеу жұмыстары жүріп жатыр. Бұрын сағатына 60 км жылдамдықпен жүретін еді, енді жылдамдықты 100 км дейін арттыруға мүмкіндік бар деседі.

Қаржылай қамту жақсарды

Локомотив пайдалану депосында ағымдағы жылдың өткен 10 айы қорытындысы бойынша жазатайым зақымдану жағдайы кездеспеген. Бұл жөнінде осы салада көп жылдардан бері қызмет етіп келе жатқан тәжірибелі маман, техника қауіпсіздігі инженері Шоқамбаев Аманжол ақпар берді. Аталған мерзім ішінде еңбек қорғау саласына бөлінген қаражат толықтай игерілген. Осы бағытта айта кетерлігі, жалпы еңбек қорғау шараларына Қоғам тарапынан қаражат бөлу жылдан жылға артып келеді. Мәселен, 2009 жылы жылға 664 мың теңге бөлінген болса, 2010 жылы 2 млн. 130 мың болған. Ал биылғы жылға бұл салаға 4 млн. 305 мың теңге бөлінген. Нәтижесінде, барлық еңбек қорғау шаралары толықтай орындалып, жызғы-қысқы киім, құрал-жабдықтар, сақтық шаралары молынан алынуда. Ай сайын «Еңбек қорғау» күні өткізіліп, кестеге сәйкес локомотив бригадалары, жүргізушілермен техникалық сабақтар өткізіліп келеді. Рейс алды, ауысым алды медициналық байқаудан өтіп, жұмысшылар арнаулы киіммен 100 пайыз қамтылса, жұмысшы-қызметкерлерге электр қауіпсіздігі жөнінде аттестация өткізіліп, локомотив және цехтар медициналық құрал-жабдықтармен жеткілікті мөлшерде жабдықталған. Былтыр депода локомотив бригадалары үшін тұрмыстық корпус (санитарлық блок) пайдалануға берілді. Бұл жұмыс сапасының жақсаруына да оң әсер етті.

«Локомотив» АҚ қарасты деполарда орын алған әрбір жазатайым оқиғалар жоспарлау мәжілістерінде үнемі және уақтылы талқыланып, депоның барлық қызметкерлерімен жоспардан тыс нұсқаулықтар өткізіледі. Басшылар мен машинист нұсқаушылар еңбек қорғау жұмысына қатысу нормативтерін орындау мақсатында бекітілген кестеге сай Атырау-Ганюшкино-Ақсарай, Атырау-Мақат-Құлсары телімдеріне апта сайын шығып, локомотивтердегі еңбек қауіпсіздігі жағдайын, локомотив бригадаларының еңбекке қабілеттілігін тексеріп отырады. Барлық депо қызметкерлері қысқы арнайы киім және аяқ киіммен, зиянды жұмыс орнында еңбек ететін жұмысшылар сүт, жеміс шырынымен қамтамасыз етілген. Ауысымға шығар алдында және одан кейін машинистердің денсаулығын, қан қысымын, ішімдік ішкен-ішпегендігін, т.б. тексеріп отыратын, ауырып қалған адамдарға алғашқы медициналық көмек көрсететін арнайы бөлмеде медицина қызметкерлері жұмыс жасайды.

Тасымал тасқыны жоғары

Атырау локомотив пайдалану депосында өткен 10 айда тепловоз жөндеу мекемелерінің кемшілігінен 2 ақау мен 1 қиындық туғызған жағдай орын алған. Бірінші жағдайда пойыздық жұмыста компрессор жұмыс жасамай қалса, екіншісінде КП секциясының білігі қатып қалған. Ал қиындықтар басқару блоганыың бұзылуы, соленоид желісінің үзілуінен болған. Бұларға локомотив бригадаларының тікелей кінәсі жоқ.

Ал он айдағы пайдаланым көрсеткіштеріне келсек, тасымал көлемі 107,84 пайызға орындалып, 12744, 278 тонна-км. бруттоға жетті. Техникалық жылдамдық 49,77 км/сағ. құрап, 101,68 пайызға орындалса, орташа тәуліктік өнімділік 1668 мың тн.км.бруттоны құрады. Пойыздың орташа салмағы 3899 тоннаға жетті. Ал он айда қосымша жұмысқа 32104 сағат берілді.

Айлық кемшілікті анықтады

Локомотив бригадаларының жұмысын дұрыс үйлестіру, ондағы байланыс құралдарын тиімді пайдалану - қозғалыс қауіпсіздігін қамтамасыз етудің бір белгісі. Сол бағытта 23 қазан-қараша айлары аралығында машинистер мен станция кезекшілері аралығында сөйлесу регламентін сақтау айлығы өтуде. Атырау локомотив пайдалану депосы пайдалану бөлімінің инженері Айдар Қонарбаевтың айтуынша, айлық барысында сондай-ақ радиобайланыстың берік орнатылуы, станциялардағы өлі аймақтарды анықтау, қолдағы радиостанциялардың жарамдылығы тексерілуде.

Ақжайық, Махамбет станцияларында станция директорларымен бірлесе отырып маневрлік локомотив бригадаларының сапалық құрамын бекітуде, машинистер мен көмекшілерінің, пойыз құрастырушылардың психологиялық үйлесімділігін, жұмыс тәжірибесі мен еңбек тәртібін қарау бойынша мәжіліс өткізілді. Айлық кезінде негізгі, айналымдық деполарда, шалғай станцияларда маневрлік қозғалыстағы барлық ауысымдық локомотив бригадаларының лауазымдық міндеттерін дұрыс атқаруы да қаралды. Жалпы барлық аймақта байланыс жақсы, локомотив бригадаларының басым бөлігі ешқандай ескертусіз жұмыс жасаған. Тексеріс кезінде анықталған кемшіліктерге сәйкес өз міндеттерін дұрыс атқармаған және тәртіп бұзған машинистер мен көмекшілеріне 7 ескерту, 2 қатаң сөгіс, 4 талоннан айыру шаралары қолданылған.

Қосұйым МҰҚАШЕВ, Атырау

«Казахстан теміржолшысы» газеті

Поделиться:
Популярные новости
2036 / 01.06.2018

«ҚТЖ-Жүк тасымалы» АҚ-ның барлық филиалдарында Халықаралық балаларды қорғау күнін атап өтті

«ҚТЖ-Жүк тасымалы» АҚ-ның барлық филиалдарында Халықаралық балаларды қорғау күніне арналған іс-шаралар өткізілді. Асфальтқа салынған ең үздік су...

1768 / 31.05.2018

«ҚТЖ-Жүк тасымалы» АҚ қызметкерлеріyt «АЛЖИР» лагерінің тұтқындарының өмірі туралы әңгімелеп берді

«Астана» теміржол торабының кәсіподақ ұйымы «ҚТЖ-Жүк тасымалы» АҚ қызметкерлеріне саяси қуғын-сүргін және аштық құрбандарын еске алу күніне арна...

1602 / 30.05.2018

«ҚТЖ – Жүк тасымалыАҚ қазылар алқасы балалар байқауының қорытындысын шығарды және жеңімпаздарды анықтады

«ҚТЖ - Жүк тасымалы» АҚ Халықаралық Балаларды қорғау күніне қызметкерлердің балаларының арасында елорданың 20 жылдық мерейтойына арналған «Астан...

Соңғы жаңалықтар

Жедел желі

Сіз Мінез-құлық кодексінің кез келген бұзушылықтары туралы, оның ішінде сыбайлас жемқорлық, алаяқтық, әдепсіз мінез-құлық, кемсітушілік фактілері туралы хабарлай аласыз.

Толығырақ


Серіктестер