Мекен жайы Астана қ., Қонаев көш., 10 үй, 7 қабат
Call-center 8 (7172) 60-30-30
8 (7172) 60-32-52
1637 /

«Локомотив» АҚ-ның жылжымалы құрамы қысқы маусымға сақадай сай

АСТАНА. 22 қараша. ҚазАқпарат - «Локомотив» АҚ-да локомотивтерді күзгі комиссиялық тексеру аяқталды және локомотив паркін қысқы тасымалдау жағдайындағы жұмысқа даярлау жөніндегі конкурстың жеңімпаздары анықталды.

Кеше Жамбыл эксплуатациялық локомотивті депосында жеңімпаздарға грамоталарды тапсыру өтті. Бұл туралы компанияның баспасөз қызметінен мәлім етті.

Локомотивтер паркін қысқы маусымдағы жұмысқа тіркеу шарасы ағымдағы жылдың 10 қыркүйегі мен 30 қазаны аралығында өткізілді. Комиссиялық тексеруден барлығы 1,4 мың локомотив өтті, бұл локомотив паркінің 87,5 пайызын құрайды. Қалған локомотивтерді қысқы режімдегі жұмысқа дайындау ірі жөндеу жұмыстарымен қатар өтті.

Жылжымалы құрам Техникалық пайдалану ережесінің талаптарына сәйкестік, техникалық, эстетикалық, өртке қарсы, санитарлық және мәдени жағдайына қатысты ескертулердің болмауы бойынша бағаланды. «Локомотив» АҚ бойынша орташа баға 4,1 балды құрады.

Локомотивтерді қысқы маусымға даярлауда қол жеткізген көрсеткіштер мен жоғары сапа үшін жүлделі орындар тағайындалды. Мәселен, 1-ші топтағы локомотивті деполар арасында бірінші орын Қостанай эксплуатациялық локомотивті депосына, екінші - Түркістан эксплуатациялық локомотивті депосына, үшінші - Защита эксплуатациялық локомотивті депосына берілді.

2-ші топтағы локомотивті деполар арасында бірінші орынды Арыс эксплуатациялық локомотивті депосы, екінші орынды Жамбыл эксплуатациялық локомотивті депосы, үшінші орынды Жаңа-Есіл эксплуатациялық локомотивті депосы алды.

3-ші топтағы локомотивті деполар арасында бірінші орынға Жаңаарқа эксплуатациялық локомотивті депосы, екінші орынға Аягөз эксплуатациялық локомотивті депосы және үшінші орынға семей эксплуатациялық локомотивті депосы қол жеткізді.

Поделиться:
Популярные новости
1753 / 01.06.2018

«ҚТЖ-Жүк тасымалы» АҚ-ның барлық филиалдарында Халықаралық балаларды қорғау күнін атап өтті

«ҚТЖ-Жүк тасымалы» АҚ-ның барлық филиалдарында Халықаралық балаларды қорғау күніне арналған іс-шаралар өткізілді. Асфальтқа салынған ең үздік су...

1499 / 31.05.2018

«ҚТЖ-Жүк тасымалы» АҚ қызметкерлеріyt «АЛЖИР» лагерінің тұтқындарының өмірі туралы әңгімелеп берді

«Астана» теміржол торабының кәсіподақ ұйымы «ҚТЖ-Жүк тасымалы» АҚ қызметкерлеріне саяси қуғын-сүргін және аштық құрбандарын еске алу күніне арна...

1361 / 30.05.2018

«ҚТЖ – Жүк тасымалыАҚ қазылар алқасы балалар байқауының қорытындысын шығарды және жеңімпаздарды анықтады

«ҚТЖ - Жүк тасымалы» АҚ Халықаралық Балаларды қорғау күніне қызметкерлердің балаларының арасында елорданың 20 жылдық мерейтойына арналған «Астан...

Соңғы жаңалықтар

Горячая линия

Вы можете сообщить о любых нарушениях Кодекса поведения в том числе о фактах коррупции, мошенничества, неэтичного поведения, дискриминации

Толығырақ


Серіктестер