Мекен жайы Астана қ., Қонаев көш., 10 үй, 7 қабат
Call-center 8 (7172) 60-30-30
8 (7172) 60-32-52
1613 / 22.11.2012 00:00

"Казахстан теіржолшысы" газет

Локомотивтер толық сапта

Арыс локомотив пайдалану депосының құзырындағы №16 Шымкент айналым депосында 21 тепловоз бар. Оның 20-сы жөндеу жұмыстарымен айналысатын «Шымкент-Шам» ЖШС-нің цехтарына күзгі комиссиялық байқаудан өткізуге қойылған еді. Қазір тексеріс толы0 аяқталып, жөндеуден өткізілген тепловоздар толық сапта тұр.

Локомотивтермен бірге локомотив шаруашылығының нысандары да тексерістен өткізілген болатын. Нәтижесі жаман емес, сапалық көрсеткіші «жақсы» деп бағаланды. Күзгі байқаудан 14 «ТЭМ-2», 3 «ТЭМ-2А», 2 «ТЭМ-27» және 1 «2» маркалы тепловоз өткізіліп, қыс жағдайында жұмыс істеуге әзірленген. Олардың бәрінің де жөндеу сапасы жақсы деп бағаланып отыр.

Шымкент айналым депосының директоры Кенжехан Искендіров пен «Шымкент-Шам» ЖШС директоры Жасұлан Бегежанның айтуынша, қос ұжымның білікті мамандары күзгі комиссияслық байқаудың ұйымшылдықпен, жоғары дәрежеде өтуіне белсене атсалысқан. Мысалы, айналым депосының инженер-технологы Ж.Тасболатов жөндеу технологиясын қадағалап отырса, жабдықтау инженері М.Қыдырбаев пен серіктестік директоры Ж.Бегежан қажетті құрал-саймандармен, қосалқы бөлшектермен, бояу-сырлау материалдарымен, майлармен уақытылы жабдықтаған. Ал серіктестік директорының орынбасары А.Серікбаев станоктардың, стендтердің, көтеру механизмдерінің, көмекші құралдарының кідіріссіз жұмысын және қажетті мөлшерде ауамен, ыстық сумен, техникалық бумен қамтамасыз еткен. Сондай-ақ, депоның еңбек қорғау және қауіпсіздік техникасы жөніндегі инженері Ә.Әметханов, химлаборатория лаборанттары Б.Жарасова, М.Жәнібекова, локомотив қабылдаушылар Е.Тауасаров, А.Ахметханов сынды өз ісінің шеберлері ортақ іске өз үлестерін қосуда.

Бекзаттар ДІНӘСІЛОВ, Шымкент


Маневр машинисі

Астана локомотив пайдалану депосының кәнігі машинисі Сердалы Жүнісовтың темір тұлпарды тізгіндегенніне отыз жылдан асыпты. Ақкөл елді мекенінде туып- өскен оның өмірі темір жолмен тығыз байланысты болды. Әу баста теміржолшы болуына немере ағасы Көшербайдың септігі тиген еді. Ағасы сол кезде темір жол құрылысының кәнігі шебері болатын.

Астана станциясына (бұрынғы Целиноград) көшіп келген соң бірден электровоз машинисінің көмекшісі мамандығын таңдап, кәсіптік училищеден арнайы курсты тәмамдады. Бірақ бірден жұмыс істеп кетуге мүмкіндік болмай, әскер қатарына шақырылды. Борышын өтеп елге оралған соң ғана теміржолшы болуға мүмкіндік туды.

Алғашқы кездері кәнігі машинистер жанында көмекші болып жүрді. Көңілі қалағандықтан болар, қиындығы мен қызығы қатар жүретін мамандыққа терең үңіліп, күн өткен сайын оған машықтана түсті. Жұмыс істей жүріп машинист мамандығын оқып, 1980 жылы элетровоз машинисі курсын тәмамдады.

– Ол кезде депо жанында даярлық курсы болған. Сонда оқып, 3-ші класты машинист куәлігін алдым. Көмекші болу бір бөлек, жылжымалы құрамды алып жүрудің жауапкершілігі жоғары екенін сонда білдім. Екі жылдай жүк пойыздарын алып жүрдім. Ал екі жылдан кейін Қарағандыдағы білім көтеру курсында оқып, екінші класс машинисі дәрежесіне көтерілдім. Содан бері жүк пойыздарын тасымалдап келемін,- дейді ол өткен отыз жылды екі ауыз сөзбен қысқа қайырып. Машинист Сердалы Жүнісов жылжымалы құрамды төрт бағытта: Қарағанды, Ерейментау, Атбасар және Бурабай бағыттарымен алып жүреді. Жүк пойыздарын ешбір ақаусыз, қозғалыс қауіпсіздігін толық сақтап, жұмысқа өте ұқыпты қарау сынды қасиеттер қанына сіңгелі қашан. Соның арқасында көп ұзамай екінші класс машинисі дәрежесіне қол жеткізді.

Астана станциясындағы жұмыстардың көптігіне орай, маневрлық тепловоздар саны да жыл өткен сайын артып келеді. Депода тәжірибесі мол машинистерді маневрлік жұмыстарды орындайтын бір колоннаға біріктірді. Осы сәтте Сердалыға тепловоз машинисі мамандығын қоса игеру керек болды. Ол үшін тағы да арнайы курстан өту қажет болды. Сондықтан тағы да курсты оқып, қайтадан үшінші класты тепловоз машинисі куәлігін алды да көп ұзамай «ЧМЭ-3Т» маневр тепловозына отырды.

–Осы тепловоздарға машинистің өзі, көмекшісіз жұмыс істеуі жөнінде нұсқаулық жарық көрген жоқ па еді, қалай қиын емес пе? – деген сауалымызға: – Маневрлік тепловозды жалғыз машинистің өзі басқарып, барлық жұмыстарды жүргізе береді, бұл жаңалық емес, ол қашаннан тәжірибе жүзінде бар, – деп жауап берді байырғы машинист.

– Біздегі екі колоннаның әрқайсысында 25-26 машинистен бар. Бір тепловозда 3-4 адам ауысыммен жұмыс істейміз, кесте бойынша кезекпен келіп отырамыз.

Астана станциясының бөлінген аудандары мен тақ және жұп парктерінде, сұрыптау дөңесі паркіндегі вагондарды жолға салып отыратын маневр машинистерінің жұмыстары сан алуан.

–Маневр тепловозында жалғыз машинист жұмыс істеу үшін онда барлық жағдай жасалған, – дейді Сердалы сөзін сабақтай түсіп. – Тепловоздың алды-артын көру үшін терезе жақтауына арнайы айна қойылады. Сонан соң екі жақты басқару пульті болады, бір бағытта сол жақ, екінші бағытта оң жақтағы пультте отырасың. Қазір бізде мұндай тепловоздың оншақтысы бар, бәрі де жарамды, күнделікті жұмыстарды жүйелі түрде жүргізуде. Кішігірім ақауларды, жеңіл-желпі техникалық қызмет түрлерін өзіміз-ақ атқара береміз.

Бізбен қоштасып, маневрлі тепловозға көтерілген машинист ығы-жығы жұмыс қайнап жатқан станцияға бет алып жүріп кетті.

Төребай КЕНЖЕБАЙ


Ұстазы жақсының ұстамы жақсы

Темір жол көлігінде басты тұлғаның бірі – машинистер екені белгілі. Жол үстіндегі қауіпсіздікке де жауапты, қауп-катермен де алдымен бетпе-бет келетін, тәуекелі мол кәсіп иелері машинистер десек артық айтқандық емес.

Темір жолда болып жатқан әрбір апатты жағдайлар мен жазатайым оқиғалар локомотив пайдалану деполарында талқыланып, машинистер мен көмекші машинистерге сабақ ретінде таныстырылады. Бұл істе әсіресе, машинист нұсқаушылырның міндеті жоғары. Өйткені, ол жай машинист емес, талай жыл тәжірибе жинақтап, ұстаз деңгейіне көтерілген аға машинист рөліндегі тұлға. Мысалы, Атырау локомотив пайдаланым депосында 40 жылға жуық еңбек етіп келе жатқан Николай Есенбаевты алайық. Бір кезде еңбек жолын машинист көмекшісінен бастаған ол қырық жыл ішінде талай қиындықтар мен қызғылықты жайттарды басынан кешіргенін жас әріптестеріне үнемі әңімелеп отырады. Тәжірибесі ұшан-теңіз. Бүгінде, міне, сол көп жылғы тәжірибесін өзінен кейінгі жастарға үйретіп, тепловоз жүргізудің қыр-сырын меңгерулеріне қолынан келгенше атсалысуда. Николайдың нұсқаушы-машинист ретінде арнайы өткізетін сабақтары қызықты өтетіні соншалық, жас машинистер одан қалған емес. Теориялық біліммен қатар, іс жүзінде жұмыс бағытын да көресетіп отыруды ұстаз машинист өзіне борыш санайды. «Бізді де кезінде біреу осылай үйретті ғой, бұларды енді біз оқытпағанда кім оқытады?»,- дейді. Міне, бүгін де тепловоз сапарға шығар алдында жас машинист Сергей Енкинмен бірге темір тұлпарды тағы бір тексеруден өткізіп, дайындығын пысықтауда.

Қосұйым МҰҚАШЕВ,

Суретті түсірген автор

Қауіпсіздікке талап күшті

Семей локомотив пайдалану депосының ұжымы күзгі байқауды сапалы жүргізіп, қытымыр қысқа дайындықты жоғары қарқынмен, ұйымшылдықпен жүзеге асырды.

Болат жол бойында пойыздар қозғалысының қауіпсіздігін қамтамасыз ету темір жол саласында өміршеңдігін жоғалтпаған маңызды мәселелердің бірі. Демек, күн тәртібіндегі мұндай мәселелерді семейлік әрбір теміржолшы тереңнен ұғынып, жақсы түсінеді. Қолданыстағы локомотивтердің көбінің тозығы жеткенін, тек жөндеп жасқаудың арқасында қызметтік мерзімі ұзартылып, пайдалануда жүргенін ескерген локомотившілер жауапкершіліктерін күшейте түскен. Тепловоз техникалық қызметтен және жөндеуден өткеннен кейін қабылдап алуда жұмыс сапасына айрықша мән беріліп, қырағылық танытады. Өйткені, көзге көрінбес иненің жасуындай бір кемшілік болса, үлкен қауіп-қатердің орын алуы ғажап емес. Сондықтан депо басшылығы локомотивтердің жұмысын ұйымдастыруда техникалық жағдайын басты орынға қойып, локомотив бригадаларынан, депо жұмысшыларынан технологиялық тәртіптің сақталуы мен еңбек ырғағының бұзылмауын талап етуді басты назарда ұстауда.

Жалпы, Семей локомотив пайдалану депосында еңбектің көрігін қыздыра білетін кәсіби теміржолшыларды дайындайтын төл мектеп қалыптасқан десек, артық айтқандық бола қоймас. Өйткені, ата кәсібін үзбей жалғастыратын, тұтас локомотившілер әулетін қалыптастырған азаматтар мұнда жетерлік. Бүгінгі таңда бұл мекемеде 192 машинист және 202 мшинистің көмекшілері еңбек етуде. Депо басшылығы машинистердің білімін жетілдіруге басты көңіл бөліп отыр. Сондай-ақ, жас мамандардың алған теориялық білімдерін тәжірибелік тұрғыдан арттыру мақсатында машинист пен машинист көмекшілерін өндіріске баулып жүрген майталман маман иелері жоқ та емес. Олардың дені теміржолшы отбасында туған, темір жолдың тынысымен бала кезінен таныс жандар. Теміржолшы кәсібін атадан балаға мирас еткен теміржолшылар әулетінің қатарында, мысалы әкелі-балалы Трайсбаевтар, ағайынды Манабаевтар, Жұмықбаевтар және басқаларын атауға болады.

Байырға локомотивші Дәулет Тайтөлеуұлы Ыдырысов басқарып отырған Семей локомотив пайдалану депосы бүгінде қыс маусымында жұмыс істеуге толық дайындықпен іске кіріскен.

Ерлан ҒАЗЕЗ, Семей

Поделиться:
Популярные новости
1748 / 01.06.2018

«ҚТЖ-Жүк тасымалы» АҚ-ның барлық филиалдарында Халықаралық балаларды қорғау күнін атап өтті

«ҚТЖ-Жүк тасымалы» АҚ-ның барлық филиалдарында Халықаралық балаларды қорғау күніне арналған іс-шаралар өткізілді. Асфальтқа салынған ең үздік су...

1493 / 31.05.2018

«ҚТЖ-Жүк тасымалы» АҚ қызметкерлеріyt «АЛЖИР» лагерінің тұтқындарының өмірі туралы әңгімелеп берді

«Астана» теміржол торабының кәсіподақ ұйымы «ҚТЖ-Жүк тасымалы» АҚ қызметкерлеріне саяси қуғын-сүргін және аштық құрбандарын еске алу күніне арна...

1355 / 30.05.2018

«ҚТЖ – Жүк тасымалыАҚ қазылар алқасы балалар байқауының қорытындысын шығарды және жеңімпаздарды анықтады

«ҚТЖ - Жүк тасымалы» АҚ Халықаралық Балаларды қорғау күніне қызметкерлердің балаларының арасында елорданың 20 жылдық мерейтойына арналған «Астан...

Соңғы жаңалықтар

Горячая линия

Вы можете сообщить о любых нарушениях Кодекса поведения в том числе о фактах коррупции, мошенничества, неэтичного поведения, дискриминации

Толығырақ


Серіктестер