Мекен жайы Астана қ., Қонаев көш., 10 үй, 7 қабат
Call-center 8 (7172) 60-30-30
8 (7172) 60-32-52
1271 / 25.10.2012 00:00

Апаттың алдын алған машинист

2012 жылдың 15 мамырындағы №77 Ц бұйрыққа сәйкес «Локомотив» АҚ филиалы – Шу локомотив пайдалану депосының жүк тасымалдаушы электровоз машинисі Келдібаев Асқар «Қозғалыс қауіпсіздігі үшін» төсбелгісімен марапатталды.  

Асқар Келдібаев 2003 жылы Алматы темір жол көлігі колледжін бітіріп, Шу локомотив пайдалану депосына жұмысқа орналасты.
Мәди Серіков, Керімхан Байдалиевтерге машинист көмекшісі болып сапарға шығып жүрді.  Бір жыл жұмыс істеген соң
2005 жылы инженер-технолог болып ауыстырылды. 

Жөндеуден шыққан электро­воз­дардың  жүрісі кепілді қашық­тыққа жетпей сынып қалған жағ­дайда ақауын анықтайтын. Сөй­тіп
жүріп,  машинаның құры­лысын жақсы біліп алды. Бұл жұмыс Асқарға қызық емес еді. Содан депо бастығына өзінің машинист
болғысы келетіндігін айтты. 2006 жылы көктемде Қарағандыдағы машинистер курсына жіберілді.  Оқуын бітіріп келіп,  алғашқы кезде көмекші, 2007 жылдың көктемінен бастап өздігімен машинист болып жүре бастады. Нұсқаушы-машинист Бахтияр
Айтуғановтан көп нәрсе үйренді.  

2010 жылдың жазы. Күн ыстық. Шығанақтан Шуға келе жатқан болатын. Қасында көмекшісі Ерлан Жәкенов пен депо директоры­ның орынбасары Дәукен  Жұманов бар. Салмағы 6 мың тонна поезд Қарасай мен  Қияқты ортасындағы өрлеу
жерге келіп қалған болатын. Аяқ астынан негізгі ажыратқыштың ортаңғы секциядағы индикаторы жанды.  

Асқар поезды тоқтатып, диспетчерге хабарлады. Қызыл буферді жақты. Жағдайды анықтады. Тозығы жеткен аккумулятордың ішіндегісі күннің ыстығына шыдамай еріп кетіпті.  Асқар істен шыққан батареяны ажыратып, тізбекті тура жалғады. Қозғалтқышты қосып көріп еді, істеп  кетті. Диспетчерге бұзылысты жөндеп алғандығы туралы баяндады. Рұқсат алған соң қайтадан жолға шықты. Дәукен Жұманов Асқар мен оның көмекшісінің сауатты іс-әрекетін бақылап қана тұрды. 

Жазда электровоздың кабина­сы­ның іші жүріс кезінде сәл де болса, салқындап қалады. Ал, тоқтап тұрғанда қапырық ыстықтан машинистер дем ала алмайды. Жұмыс істеп тұрған қозғалтқыш  машинаны үнемі дірілдетіп (вибрация) тұрады. Бір тынбайтын шудан басың зеңіп қалады. 

Өткен ғасырда жасалған локомотивтерде салқындатқыш қа­­растырылмаған.  Соның өзінде де түнде, әсіресе таңға жуық ұйқы қы­сып кетеді. Сергек болу үшін желдеткіштерді ашып тастайды. Қыста да жетісіп тұрғаны шамалы.  Жылытқыш  қосып қойса да,  кабинаның тесік-тесігінен жел ұрып тұрады. Сапардан келіп машиналарын тапсырған бригада алғашқыда тыныштықтан, есеңгіреп қалғандай болады. 

2010 жылдың желтоқсаны. Жа­ңа жылдың қарсаңы. Асқар түн жарымға таяу Шығақтан шық­ты.  Шуға дейін 180 шақырым. Жылдамдық – 60 шақырым. Айнала тастай қараңғы. Бурылбайталға кіре берісте қисықтан айнала, ылдилап келе жатқанда кабинадан басын шығарып, құрамды бойлай  көз тастап еді орта тұстан ұшқын көрінді.  Бірден тежегішті қосты. Поезд салмағымен итеріп барып, кіре беріс бағдаршамнан өте тоқтады. Дереу диспетчерге хабарласты.  Көмекшісі Ерлан Жәкенов буферді жағып, қолына фонары мен балғасын алып, жерге түсіп құрамды бойлап кетті.  Біраздан кейін: – Асқар! Таптым, – деп хабарласты. Бұл: – жөндей аласың ба? – деп сұрап еді, ол қолынан келмейтіндігін айтты. Асқар оны кері шақырып алды. Диспетчерге: – Өзім барып, көрейін, – деді. Келсе, тежегішті иіндік беріліс білікшесінің қалыбы  баш­мағымен қоса төмен түсіп кетіпті.  Рельс пен темірбетон шпалға соғылып,  ұшқындатып келе жатқан сол екен.  

Бағыттамалық бұрмаға жетіп ұрыл­ғанда, көтеріліп барып вагонды аударып жіберуі әбден мүкін еді. Құдай сақтады. Лом салып жатып,
шығарып алды. Станцияға жеткен соң вагон қараушылар әп-сәтте айырбастап, қай­та жолға салды.  Асқардың еңбегі елеусіз қалған жоқ. Өткен жылы «Локомотив» АҚ президентінің Мақтау грамотасымен марапатталды.   

2012 жылы 27 ақпан күні Асқар көмекшісі Қуат екеуі поезд қа­былдап алды. Бұлар станциядан шыққанда сағат 16 болып қалған еді. Қарсы келе жатқан құрамдар зуылдап өтіп жатыр. 

Шудан шыққалы үш сағаттай уақыт өтті. Қыстың қысқа күні батуға таяу. Поездың жылдамдығы 50 шақырым.   Қарсы бағытта келе жатқан құрам­ды көрді. Ол өрге қарай, қисық бойымен келе жатыр. Бұл машинист Үрпебаевпен қолын көтеріп, бел­гі беріп амандасты.  Қарап келеді. У-шу. Салдыр-сұлдыр. Вагондар зулап өтіп жатыр. Поездың соңы­нан санағандағы екінші вагонның қаптал рамасы
сынып, салбыраған ұшы бетон шпалға ұрылып,  ұшқын шығып, шаң бұрқ-бұрқ еткенін көрді.  Асқар жағдайды бірден түсін­ді. Қалғанының бәрі қалыптасқан қимылға ұласты. Рация­мен құрам машинисі Үрпе­баевқа апатты жағ­дайда жүріп бара жатқандығын, дереу тоқтау қажеттігін  айтты.   Ол: «Түсінікті» деді. Поезд жотаның үстіне шыға бере тоқтады. Қызыл буферін жақты. Машинист Үрпебаев поезд диспетчеріне хабарласып апатты жағдайда тоқтағандығын айтты. Бәрі эфирден естіліп тұр. Өзі депо кезекшісін болған жағдайдан хабардар етті. 

Шығанаққа жеткенде ондағы әріп­тестері болған оқиғаны естіп үлгеріпті. Нұсқаушы-маши­нист, депо бастығы телефон шалып: «Жарайсың, Асқар, бір поезды апаттан аман алып қалдың», – деп ризашылықтарын білдіріп жатты.  Сонда ғана барып, өз  ісіне мән бергендей болды. Бойын қуаныш кернеді.  

Локомотив бригадаларының де­малыс үйіне барып, тынығып  алды. Белгіленген уақытта  Шуға қайтты. Екі-үш күн өткенде «Локомотив» АҚ басшылығынан Асқарды марапаттауға ұсыну туралы жеделхат келді. Содан көп өтпей Жамбыл жол бөлімшесінің директоры,
қалпына келтіру поезының, вагон шаруашылығының бастықтары, диспетчер, қауіпсіздік ревизорлары, депо директорының орынбасары – бас инженер Жұмағали  Қапалбаев және Асқар Келдібаев пен көмекшісі Қуат Құсайынов, Ясин Үрпебаев пен оның көмекшісі Темір Нұрқақовтар қатысқан талдау өтті. 

Сол оқиғаның алдында екі айда жол бөлімшесі аумағында вагондардың бүйір рамасының сынуымен байланыс­ты екі рет төтенше оқиға орын алып, вагон жолдан шығып кеткен болатын.  Асқар үшін­ші оқиғаның алдын алды.   Шу локомотив пайдалану депосы басшылығы Асқар Келдібаевты поезд апатының  алдын алудағы  көрсеткен қырағылығы үшін «Қо­з­­ғалыс қауіпсіздігі үшін» төс­белгісімен
марапаттауға ұсын­ды.  

Көктем шыға  Асқар отбасымен қоныс аударды.  Өзі Алматы локомотив пайдалану депосына  жұмысқа алынсам, жақсы болар еді, дейді.
Бірақ, әзірге орын жоқ. Алдағы уақытта, Асқар Келдібаев сияқты білікті
маманнның жұмыс­сыз қалмайтытына сенгіміз ке­леді. 

Абат ТЕМЕН

Журнал «Транс-Экспресс
Казахстан»





Поделиться:
Популярные новости
1747 / 01.06.2018

«ҚТЖ-Жүк тасымалы» АҚ-ның барлық филиалдарында Халықаралық балаларды қорғау күнін атап өтті

«ҚТЖ-Жүк тасымалы» АҚ-ның барлық филиалдарында Халықаралық балаларды қорғау күніне арналған іс-шаралар өткізілді. Асфальтқа салынған ең үздік су...

1492 / 31.05.2018

«ҚТЖ-Жүк тасымалы» АҚ қызметкерлеріyt «АЛЖИР» лагерінің тұтқындарының өмірі туралы әңгімелеп берді

«Астана» теміржол торабының кәсіподақ ұйымы «ҚТЖ-Жүк тасымалы» АҚ қызметкерлеріне саяси қуғын-сүргін және аштық құрбандарын еске алу күніне арна...

1354 / 30.05.2018

«ҚТЖ – Жүк тасымалыАҚ қазылар алқасы балалар байқауының қорытындысын шығарды және жеңімпаздарды анықтады

«ҚТЖ - Жүк тасымалы» АҚ Халықаралық Балаларды қорғау күніне қызметкерлердің балаларының арасында елорданың 20 жылдық мерейтойына арналған «Астан...

Соңғы жаңалықтар

Горячая линия

Вы можете сообщить о любых нарушениях Кодекса поведения в том числе о фактах коррупции, мошенничества, неэтичного поведения, дискриминации

Толығырақ


Серіктестер