Мекен жайы Астана қ., Қонаев көш., 10 үй, 7 қабат
Call-center 8 (7172) 60-30-30
8 (7172) 60-32-52
1179 / 06.10.2012 17:54

ҚАЙ ЖАҒЫНАН ДА ӨСІМ БАР

Сексеуіл локомотив пайдалану депосының негізгі көрсеткіштеріне назар аударар болсақ, жыл басынан бері оның көлемі едәуір ұлғайғанын аңғару қиын емес. Ағымдағы жылдың өткен сегіз айында олар жүк тасымалы көлемін жоспарда көрсетілгеннен анағұрлым көп мөлшерде артығымен орындады.

Жоспар бойынша 3927,399 млн тонна-километр/брутто орындалуы керек болса, ол 4175,610 млн тонна-километр-бруттоны құрап, жоспар 106,3 пайызға орындалып, былтырғы жылмен салыстырғанда бұл көрсеткіш 104 пайызды құрап отыр. Жүк қозғалысындағы жұмыс түрі де жоспардан артық, яғни ол 3639,871 млн тонна-километр/бруттоны құрап, 107,8 пайызға артығымен орындалған. Айта берсек, депо жұмысында көптеген жетістіктердің бары байқалады. Жолаушы қозғалысында да табыс көзі баршылық. Мұндағы жоспар 520 млн тонна-километр/брутто болып белгіленген болатын, ол тиісінше 522,93 млн тонна-километр/бруттоны құрап, жоспар 100,5 пайызға орындалған.

Сексеуіл локомотив пайдалану депосының директоры Бөрі Сәңкібаевтың айтуынша, жолаушылар қозғалысындағы жұмыс көлемінің артуына Сексеуіл – Шалқар – Сексеуіл бағытындағы жолаушылар пойыздарының қызмет көрсету деңгейінің жоғарылауы себеп болған көрінеді. Жалпы шаруашылық қозғалысының жұмысы да жоспарға сай орындалып отыр екен. Өткен жылдың айтулы мерзімімен салыстырғанда 100 пайызға толығымен орындалыпты.

Төребай КЕНЖЕБАЙ

Поделиться:
Популярные новости
1754 / 01.06.2018

«ҚТЖ-Жүк тасымалы» АҚ-ның барлық филиалдарында Халықаралық балаларды қорғау күнін атап өтті

«ҚТЖ-Жүк тасымалы» АҚ-ның барлық филиалдарында Халықаралық балаларды қорғау күніне арналған іс-шаралар өткізілді. Асфальтқа салынған ең үздік су...

1500 / 31.05.2018

«ҚТЖ-Жүк тасымалы» АҚ қызметкерлеріyt «АЛЖИР» лагерінің тұтқындарының өмірі туралы әңгімелеп берді

«Астана» теміржол торабының кәсіподақ ұйымы «ҚТЖ-Жүк тасымалы» АҚ қызметкерлеріне саяси қуғын-сүргін және аштық құрбандарын еске алу күніне арна...

1361 / 30.05.2018

«ҚТЖ – Жүк тасымалыАҚ қазылар алқасы балалар байқауының қорытындысын шығарды және жеңімпаздарды анықтады

«ҚТЖ - Жүк тасымалы» АҚ Халықаралық Балаларды қорғау күніне қызметкерлердің балаларының арасында елорданың 20 жылдық мерейтойына арналған «Астан...

Соңғы жаңалықтар

Горячая линия

Вы можете сообщить о любых нарушениях Кодекса поведения в том числе о фактах коррупции, мошенничества, неэтичного поведения, дискриминации

Толығырақ


Серіктестер