Мекен жайы Астана қ., Қонаев көш., 10 үй, 7 қабат
Call-center 8 (7172) 60-30-30
8 (7172) 60-32-52
1246 / 06.10.2012 17:53

Костя – қазақтың «күйеу баласы»

«Локомотив» АҚ – Жамбыл локомотив пайдалану депосында бірнеше ұлттың өкілдері бір атаның балаларындай тер төгіп келеді. Құрметті теміржолшы Жапар Исаев басшылық жасап отырған мекемеде бүгінгі күні қазақ,орыс, неміс, өзбек, татар, ұйғыр, корей ұлтының азаматтары ағалы-інілі жандардай еңбек көрігін қыздыруда.

Жамбыл локомотив пайдалану депосы кадр бөлімінің менеджері Сәкен Имашевтың айтуынша өзара татулығы жарасқан ұжым мүшелерінің әзіл-қалжыңы да жарасқан. Мысалы, Рустам Сариевтің асыл жары – орыстың сұлуы болса, Юрий Ямов пен өзбек Бахтияр Азизовтар қазақ аруларымен отбасын құрып, шаттықты шаңырақтың иелері болып отыр. Сондықтан, орыстар Рустамды «күйеу» десе, Юра мен Бақтяр қазақтардың сүйікті «күйеу баласы» көрінеді. Сол сияқты, қазақтың қарагөзі Айнұрмен шаңырақ көтерген депо машинистінің көмекшісі Константин Михайлов ұжымның мақтанышына айналған азамат. Константин де, Айнұр да осында еңбек етеді. Айнұр – инженер. Көпшіліктің айтуынша бұл отбасында қазақ және орыс тілдері бірдей салтанат құрған, себебі Костя күйеу бала қазақшаға анау-мынау қазағыңнан жетік көрінеді.

– Осы депода біраз жылдан бері еңбек етемін. Константин екеуміздің шаңырақ көтергенімізге он бір жыл толды. Әркім өз кәсібін сүйіп, білікті маман ретінде танылса, тірлігі де оңға басары анық. Константин екеуміз Алланың берген нәсібіне қанағат етіп еңбек етіп жатырмыз. Баларымыз да өсіп келеді. Еңбек демалысында ұлдарымызды алып, еліміздің көрікті жерлерінде болғанды ұнатамыз, – дейді Айнұр. Михайловтар отбасында Роман, Марлен деген азаматтар өсіп келеді. Үш жасар Марлен қазақ балабақшасына барады.

Ерман Әбдиев, Жамбыл 

Поделиться:
Популярные новости
1753 / 01.06.2018

«ҚТЖ-Жүк тасымалы» АҚ-ның барлық филиалдарында Халықаралық балаларды қорғау күнін атап өтті

«ҚТЖ-Жүк тасымалы» АҚ-ның барлық филиалдарында Халықаралық балаларды қорғау күніне арналған іс-шаралар өткізілді. Асфальтқа салынған ең үздік су...

1499 / 31.05.2018

«ҚТЖ-Жүк тасымалы» АҚ қызметкерлеріyt «АЛЖИР» лагерінің тұтқындарының өмірі туралы әңгімелеп берді

«Астана» теміржол торабының кәсіподақ ұйымы «ҚТЖ-Жүк тасымалы» АҚ қызметкерлеріне саяси қуғын-сүргін және аштық құрбандарын еске алу күніне арна...

1361 / 30.05.2018

«ҚТЖ – Жүк тасымалыАҚ қазылар алқасы балалар байқауының қорытындысын шығарды және жеңімпаздарды анықтады

«ҚТЖ - Жүк тасымалы» АҚ Халықаралық Балаларды қорғау күніне қызметкерлердің балаларының арасында елорданың 20 жылдық мерейтойына арналған «Астан...

Соңғы жаңалықтар

Горячая линия

Вы можете сообщить о любых нарушениях Кодекса поведения в том числе о фактах коррупции, мошенничества, неэтичного поведения, дискриминации

Толығырақ


Серіктестер