Мекен жайы Астана қ., Қонаев көш., 10 үй, 7 қабат
Call-center 8 (7172) 60-30-30
8 (7172) 60-32-52
1408 / 22.05.2012 00:00

Бүгін Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев «General Electric Transportation» компаниясының президенті және бас атқарушы директоры Лорензо Симонеллиді қабылдады

Кездесу барысында Нұрсұлтан Назарбаев Қазақстанда «General Electric Transportation» компаниясымен тығыз ынтымақтастық қалыптасқанын атап өтті. Атап айтқанда, «Қазақстан Теміржолы» ҰК» АҚ-мен бірлесіп Астанада локомотив құрастыру зауыты жөніндегі жоба табысты іске асырылды.

Өз кезегінде Л.Симонелли «General Electric Transportation» компаниясының Қазақстанмен ынтымақтастығының зор маңызы барын атап өтті.

- Бізде өзіміз іске асырып жатқан бірқатар бағдарламалар бар. Локомотив өндірісі жөніндегі зауыттан басқа, бұл мұнайгаз, денсаулық сақтау, су тазалау салаларындағы жобалар. Қазақстан Президенті іскерлік қарым-қатынастарды дамытуға көмектесетін әріптестік үшін қолайлы ахуал жасап бергені маңызды. Біздің компания Қазақстанмен ұзақ мерзімді тығыз байланыс орнату стратегиясын ұстанады, - деді кездесудің қорытындысы бойынша Л.Симонелли.

«General Electric»-тің өкілдігі 1994 жылы Алматыда ашылған болатын. Қазіргі уақытта «GE»-нің Қазақстан мен Орта Азиядағы бас кеңсесі Астанада орналасқан болса, Алматы мен Ақсай қалаларында өкілдіктері бар. Бүгінде «GE»-нің 200 қызметкері Қазақстандағы ұлттық және жеке меншік компаниялармен өнімді еңбек етіп келеді. «GE» компаниясы Қазақстандағы мұнайгаз инфрақұрылымы, энергетика, теміржол және авиациялық көлік, су тазалау, денсаулық сақтау тәрізді салаларда табысты ынтымақтастық орнатқан.

«GE»-нің түрлі бизнес бөлімшелері Қазақстанның министрліктерімен, мемлекеттік компанияларымен табысты өзара іс-қимыл жасап келеді. Мұнайгаз, кен-байыту, энергетикалық және көлік секторларында жұмыс істейтін Қазақмыс, ENRC және өзге компаниялармен бірлескен жобалар бойынша келіссөздер жүргізілуде.

1995 жылы әлемдегі дизельді локомотивтің жетекші өндірушісі «General Electric Transportation» компаниясы локомотивтерді жаңарту жөнінде «Қазақстан теміржолы» ұлттық компаниясымен алғашқы келісім-шартты жасасты. Астанада отын шығыны төмендігімен және экологиялық деңгейі жоғарлығымен ерекшеленетін «General Electric Transportation» компаниясының жаңа буынды локомотивтері өндірісі жөнінде зауыт салынды. Алғашқы локомотивтер 2009 жылы жиналды, ал 2011 жылдың соңында мерейтойлық жүзінші қазақстандық тепловоз шығарылды.

Поделиться:
Популярные новости
1767 / 01.06.2018

«ҚТЖ-Жүк тасымалы» АҚ-ның барлық филиалдарында Халықаралық балаларды қорғау күнін атап өтті

«ҚТЖ-Жүк тасымалы» АҚ-ның барлық филиалдарында Халықаралық балаларды қорғау күніне арналған іс-шаралар өткізілді. Асфальтқа салынған ең үздік су...

1507 / 31.05.2018

«ҚТЖ-Жүк тасымалы» АҚ қызметкерлеріyt «АЛЖИР» лагерінің тұтқындарының өмірі туралы әңгімелеп берді

«Астана» теміржол торабының кәсіподақ ұйымы «ҚТЖ-Жүк тасымалы» АҚ қызметкерлеріне саяси қуғын-сүргін және аштық құрбандарын еске алу күніне арна...

1372 / 30.05.2018

«ҚТЖ – Жүк тасымалыАҚ қазылар алқасы балалар байқауының қорытындысын шығарды және жеңімпаздарды анықтады

«ҚТЖ - Жүк тасымалы» АҚ Халықаралық Балаларды қорғау күніне қызметкерлердің балаларының арасында елорданың 20 жылдық мерейтойына арналған «Астан...

Соңғы жаңалықтар

Горячая линия

Вы можете сообщить о любых нарушениях Кодекса поведения в том числе о фактах коррупции, мошенничества, неэтичного поведения, дискриминации

Толығырақ


Серіктестер