Мекен жайы Астана қ., Қонаев көш., 10 үй, 7 қабат
Call-center 8 (7172) 60-30-30
8 (7172) 60-32-52
«ҚТЖ – Жүк тасымалыАҚ қазылар алқасы балалар байқауының қорытындысын шығарды және жеңімпаздарды анықтады
1361 / 30.05.2018 16:30

«ҚТЖ – Жүк тасымалыАҚ қазылар алқасы балалар байқауының қорытындысын шығарды және жеңімпаздарды анықтады

«ҚТЖ - Жүк тасымалы» АҚ Халықаралық Балаларды қорғау күніне қызметкерлердің балаларының арасында елорданың 20 жылдық мерейтойына арналған «Астана - менің Отанымның астанасы» сурет байқауын жариялады.

Қазылар алқасының қарауына елдің 14 аймағынан 200-ден астам байқау жұмыстары ұсынылды. Байқауға 3-тен 13 жас аралығындағы теміржолшылар отбасыларынан шыққан балалар қатысты.

Қазылар алқасы құрамына HR, сыртқы байланыстар және PR департаменттерінің, кәсіподақ филиалының өкілдері кірді.

Байқау бірнеше кезеңде өтті. Бірінші кезеңде «ҚТЖ - Жүк тасымалы» - «Жол бөлімшелері» АҚ филиалдарында ең үздік жұмыстар іріктелді. Екінші кезең орталық аппаратта өтті.

- Байқау теміржолшылар отбасыларынан дарынды балаларды анықтау, қолдау және көтермелеу мақсатында ұйымдастырылды. Барлық жұмыстар жарқын және қызықты болып шыққан. Осындай алуан түрлі жұмыстар арасынан таңдау өте қиын болды, барлық балалар тапсырманы жақсы орындап шыққан, әрбір жұмыс өзінше ерекше және осы тақырыпты толығымен ашқан, - деді «ҚТЖ - Жүк тасымалы» АҚ-ның корпоративтік қамтамасыз ету жөніндегі вице-президенті Әділжан Исмұхамбетов.

Жеңімпаздарды бағалы жүлделер күтуде.

Поделиться:
Популярные новости
1754 / 01.06.2018

«ҚТЖ-Жүк тасымалы» АҚ-ның барлық филиалдарында Халықаралық балаларды қорғау күнін атап өтті

«ҚТЖ-Жүк тасымалы» АҚ-ның барлық филиалдарында Халықаралық балаларды қорғау күніне арналған іс-шаралар өткізілді. Асфальтқа салынған ең үздік су...

1500 / 31.05.2018

«ҚТЖ-Жүк тасымалы» АҚ қызметкерлеріyt «АЛЖИР» лагерінің тұтқындарының өмірі туралы әңгімелеп берді

«Астана» теміржол торабының кәсіподақ ұйымы «ҚТЖ-Жүк тасымалы» АҚ қызметкерлеріне саяси қуғын-сүргін және аштық құрбандарын еске алу күніне арна...

Соңғы жаңалықтар

Горячая линия

Вы можете сообщить о любых нарушениях Кодекса поведения в том числе о фактах коррупции, мошенничества, неэтичного поведения, дискриминации

Толығырақ


Серіктестер