Мекен жайы Астана қ., Қонаев көш., 10 үй, 7 қабат
Call-center 8 (7172) 60-30-30
8 (7172) 60-32-52
2018 жылы әлеуметтік маңызы бар жүктерді тасымалдауды Ұлттық тасымалдаушыны толық көлемде қамтамасыз етеді
1040 / 29.05.2018 16:29

2018 жылы әлеуметтік маңызы бар жүктерді тасымалдауды Ұлттық тасымалдаушыны толық көлемде қамтамасыз етеді

Ағымдағы жылдың 29 мамырында «ҚТЖ» ҰК» АҚ-да 2018 жылы әлеуметтік маңызды жүктерді сапалы тасымалдауды қамтамасыз ету мәселелері бойынша брифинг өтті.

2017 жылы қазақстандық теміржол желісі бойынша 103 млн. тоннадан астам көмір тиелді, бұл 2016 жылға қарағанда 14%-ға артық. Ел ішінде 72 млн. тоннадан астам жүк тиелді, бұл 2016 жылдың деңгейінен 12 пайызға жоғары. Экспортқа 31 млн. тонна көмір жөнелтілді, өсім 17% -ды құрады.

Коммуналдық-тұрмыстық сектордың қажеттіліктері үшін 8,9 млн. тонна көмір жеткізілді, бұл 2016 жылға қарағанда 16% -ға жоғары. Ағымдағы жылдың 5 айы ішінде 42 млн. тоннадан астам көмір тиелді, соның ішінде 28 млн. тоннадан астамы қазақстандық тұтынушылар үшін, бұл өткен жылмен салыстырғанда бір миллион тоннаға артық.

«2018 жылы 106,5 млн. тонна, оның ішінде республика бойынша 71,9 млн. тонна көмір тасымалданады деп жоспарлануда. Болжанған көлем 2017 жылғы тасымалдау көлемінен 3,5%-ға жоғары», - деді «ҚТЖ-Жүк тасымалы» АҚ-ның жүк жұмысы бойынша атқарушы директоры Айдар Исаков.

«Біз әлеуметтік маңызы бар жүктерді толық көлемде тасымалдау бойынша жыл сайын жоспарларымызды орындаймыз. Жылжымалы құрамның жеткілікті паркі бар. Қазіргі уақытта 50 мыңнан астам ашық вагондар іске қосылды», - деді А.Исаков.

Брифинг барысында көмірді жөнелтуге өтінімдерді біркелкі рәсімдеу, жүк тиеу жабдығының үздіксіз жұмысы, жүк жөнелтушілердің жылжымалы құрамды тиімді пайдалану қажеттілігі ерекше атап өтілді. Бұл, өз кезегінде, тасымалдауларды нақты жоспарлау мен ұйымдастыруды қамтамасыз етеді, алдағы жылыту маусымында қатты отынды жеткізумен байланысты дүрбелеңді болдырмауға мүмкіндік береді.

Осы мақсаттарға қол жеткізу үшін «ҚТЖ-Жүк тасымалы» АҚ бастамасымен халық пен энергетикалық кәсіпорындарды алдағы жылыту маусымында көмірді тасымалдау мен жеткізуді қамтамасыз ету мәселелері бойынша облыс орталықтарында жергілікті атқарушы органдардың, көмір бассейндерінің және басқа да мүдделі тараптардың өкілдерінің қатысуымен көшпелі отырыстар өткізілді.

«Жұмыстың қорытындысы бойынша бірқатар әкімдіктер көмір жеткізуге салынған қаражаттарды төртінші тоқсаннан екінші және үшінші тоқсанға аударды», - деп атап өтті А. Исаков.

2017 жылы 8,9 млн. тонна астық жөнелтілді, бұл 2016 жылға қарағанда 4%-ға артық. Олардың ішінде ішкі республикалық қатынаста - 3,1 млн. тонна, ал экспортқа 5,8 млн. тонна жөнелтілді.

3,2 млн. тонна тартылған өнімдер жүктелді, бұл 2016 жылғы деңгейден 12%-ға жоғары. Астық эквивалентінде барлығы 13,5 млн. тонна тиелді. Ағымдағы жылдың 5 айы ішінде 4,8 млн. тонна астық жөнелтілді, бұл 2017 жылдың ұқсас кезеңінен 47% жоғары.

Қазақстандық астық пен ұн экспортының дәстүрлі бағыттары 2018 жылы да сақталды. Олар: Орталық Азия елдері - 33%, Иран мен Ауғанстан - 43%, Қытай - 7%, РФ - 10%, басқа елдерге - 7%.

А.Исаковтың айтуынша, «ҚТЖ» ҰК» АҚ жүк жөнелтушілердің тасымалдау қажеттіліктерін толығымен қанағаттандыру үшін бүгіннің өзінде шаралар қабылдануда, себебі астық немесе ұн тасымалдау, сондай-ақ көлік құрауышы Қазақстанның агроөндірістік өнімдерінің экспортын арттыруда маңызды рөл атқарады».

Астық тасымалдайтын ең ірі қазақстандық оператор «Астық Транс» АҚ қызмет көрсету мерзімін ұзартумен 330 астық таситын машинаға жөндеу жұмыстарын жүргізді. Биылғы жылдың соңына дейін 421 астық таситын машина бірлігін сатып алу, 1 080 бірлік астық таситын машинаны жөндеу жоспарланып отыр. Астық тасымалдаудың 2018/2019 жылдарындағы маркетингтік кезеңнің басында «Астық Транс» АҚ-ның болжалды жұмыс паркі 5810 бірлікті құрады. Вагондық көмекті ескере отырып, Қазақстанның болжалды астық тасымалдау паркі 10-11 мың астық тасымалдаушыны құрайды.

Брифинг барысында Ұлттық Тасымалдаушы тасымалдау процесінің барлық қатысушыларына қолда бар жартылай вагондар паркін тиімді пайдалануды бастауға шақырды.

«2017 жылы элеваторларда және АҚК-да жабдықтардың істен шығу оқиғалары орын алды, бұл вагондардың тиелуі мен жүк айналымын едәуір баяулатты, ол өз кезегінде қажетті парктің ұлғаюына және жылжымалы құрамды тиімді пайдалануға кедергі келтіреді», - деді А. Исаков.

Ұлттық жүк тасымалдаушы әлеуметтік маңызы бар жүктерді уақтылы тасымалдауға қатысты барлық мәселелерді дер кезінде шешуге тапсырыс берушілердің барлық ұсыныстарын қарауға дайын.

«ҚТЖ-Жүк тасымалы » АҚ баспасөз қызметі

Поделиться:
Популярные новости
1753 / 01.06.2018

«ҚТЖ-Жүк тасымалы» АҚ-ның барлық филиалдарында Халықаралық балаларды қорғау күнін атап өтті

«ҚТЖ-Жүк тасымалы» АҚ-ның барлық филиалдарында Халықаралық балаларды қорғау күніне арналған іс-шаралар өткізілді. Асфальтқа салынған ең үздік су...

1499 / 31.05.2018

«ҚТЖ-Жүк тасымалы» АҚ қызметкерлеріyt «АЛЖИР» лагерінің тұтқындарының өмірі туралы әңгімелеп берді

«Астана» теміржол торабының кәсіподақ ұйымы «ҚТЖ-Жүк тасымалы» АҚ қызметкерлеріне саяси қуғын-сүргін және аштық құрбандарын еске алу күніне арна...

1361 / 30.05.2018

«ҚТЖ – Жүк тасымалыАҚ қазылар алқасы балалар байқауының қорытындысын шығарды және жеңімпаздарды анықтады

«ҚТЖ - Жүк тасымалы» АҚ Халықаралық Балаларды қорғау күніне қызметкерлердің балаларының арасында елорданың 20 жылдық мерейтойына арналған «Астан...

Соңғы жаңалықтар

Горячая линия

Вы можете сообщить о любых нарушениях Кодекса поведения в том числе о фактах коррупции, мошенничества, неэтичного поведения, дискриминации

Толығырақ


Серіктестер