Мекен жайы Астана қ., Қонаев көш., 10 үй, 7 қабат
Call-center 8 (7172) 60-30-30
8 (7172) 60-32-52
2391 / 11.04.2011 00:00

Қазақстанда локомотивтерді көктемгі комиссиялық тексеру басталды

Ағымдағы жылдың 1 сәуірінен бастап «Локомотив» АҚ-ның филиалдары - оңтүстік өңірінің «Пайдалану локомотивтері депосы» мен Мақат және Қызылорда деполарында локомотивтерді тексеру жүріп жатыр.

Бұл туралы «Локомотив» АҚ-ның баспасөз қызметінен хабарлады.

Солтүстік, батыс және шығыс өңірлерде көктемгі комиссиялық тексеру 10 сәуір күні басталды. Көктемгі іс-шаралардың кештетіп басталуы жергілікті жерлердің ауа райына байланысты. Локомотивтерді жазғы маусымға дайындау 30 мамырда аяқталады деп күтілуде.

Көктемгі комиссиялық тексеру барысында электровоздар мен тепловоздардың жазғы тасымалдауларға әзірліктері тексеріледі. Олардың техникалық және өртке қарсы жағдайлары, қажетті құрал-жабдықтардың болуы назарға алынады. Онымен бірге локомотивтер санитарлық-гигиеналық талаптарға сай болуы тиіс.

Тартқыш жылжымалы құрамдарды әрбір локомотивті депода құрылатын арнайы комиссиялар тексеретін болады.

Көктемгі комиссиялық тексеру - пойыздар қозғалысының қауіпсіздігін қамтамасыз етуге бағытталған жүйелі шаралардың бірі. 

Поделиться:
Популярные новости
1987 / 20.11.2017

Локомотивтер қысқа дайын

«ҚТЖ-Жүк тасымалы» АҚ локомотив паркі қыс маусымында жұмыс істеуге толық дайын. Компанияның локомотив пайдалану деполарында локомотивтердің техн...

3583 / 30.05.2012

Теміржолшылар сақ болуға шақырады

Қайыржан ТӨРЕЖАН Бүгінгі күні қайғылы жағдайларға соқтыратын әртүрлі төтенше оқиғалар сияқты теміржол бойындағы оқыс оқиғалардың статикасы да ...

2732 / 27.03.2012

Сергектік айқындау ушін

Наурыз мейрамын тойлау желеуі Орал қаласының қанаушылықты локомотивті депо қызметкерлері тепловоз жүргізуші Александр Прусс және оның көмекшісі ...

Соңғы жаңалықтар

Горячая линия

Вы можете сообщить о любых нарушениях Кодекса поведения в том числе о фактах коррупции, мошенничества, неэтичного поведения, дискриминации

Толығырақ


Серіктестер