Мекен жайы Астана қ., Қонаев көш., 10 үй, 7 қабат
Call-center 8 (7172) 60-30-30
8 (7172) 60-32-52
2492 / 16.03.2010 00:00

Машинистер қырағылықты қай кезде жоғалтады?

Қандай да бір жұмысты атқар-ғанда адам ағзасы қуатты көп жұмсағандықтан, ойламаған жерден бір сәтте жұмыс қа-білеттілігін төмендетіп, қатты қажып, шаршауы мүмкін. Аяқ асты болдырудың себебі, қатты шаршау, ал ондайда организмді ырыққа көндіру өте қиын.

Болдыру немесе қажу күрделі құбылыс болып табылады. Қажы-ғандықты кішігірім қателікке бой алдырған әрекеттерден нені аңғаруға болады? Әрине, бұл қателіктер кейбір мамандықтарда соншалықты маңызды болмауы және өндірістік үдеріске кедер-гі келтірмеуі мүмкін. Алайда, кей еңбек қызметтерде «кішкентай» қателікке де орын жоқ, себебі сол титтей бұрыс әрекетің үлкен қауіп-қатерге әкелері сөзсіз. Міне, бұл айтылғандардың бәрін машинист мамандығымен байланыс-тырар едік.

Машинистер әдетте болдырып қажығанын сезеді де, өзін байқалмайтын қателер мен бұрыс іс-әрекеттерден «сақтандыру» үшін қажыр-қайратын күшейтуге, сергектігін «оятуға» күш салады. Алайда, кейде болдырудың бой бермейтіні соншалық, қызметкер бастапқыдай қарқынды еңбек үдерісін жалғастыруға дәрменсіздік танытып, көрсеткіштерін төмендетуге мәжбүр болады. Ал қажып-болдыру кезіндегі физиологиялық өзгерістерге келсек, адам ағзасында көп байқалатындары вегативтік функциялар, атап айтқанда, пульстің өзгеруі, тыныстың жиіленуі және т. б. Адамның ойлау қабілеті қажығанда, түйсінуі және есту қабілеті төмендейді. Машинистердің қызмет ерекшелігін ескере отырып, бізді қызықтырған сұрақ мынау болды: психологиялық тұрғыдан алғанда болдыру неден туындайды?

Жүйке талшықтарының ұзақ жұмысы кезінде онда функциональдық ми жүйесі қызметіне тікелей ықпал ететін, яғни жүргізу үдерісін басқаратын құбылыстар пайда болады. Бұл жүйе уақыт өте екпіндей түседі. Осы кезде функциональдық жүйені құрайтын барлық элементтердің жұмыс тұтастығы бұзылып, ықпал етуші мейлінше жоғары инстанциялардың қажеттілігі туындайды. Қажып-болдырудың әсерінен бірінші кезекте осы қосалқы жүйе қасірет шегеді. Соның салдарынан машинист шұғыл әрекетке дайындық – қырағылық қасиетін жоғалтады. Ал бұл өз кезегінде апаттың туындау мүмкіндігін жоғарылатады. Әсіресе, локомотивті басқаруда қырағылықты сақтауға аса қолайсыз кез, ол түнгі уақыт. Түнде жылжымалы құрамды жүргізу, ағзаның тәуліктік нормасын бұзады, өйткені, ұзақ уақыт биологиялық дамуда түн мен күннің ауысымына негізделген белсенділік пен демалыстың нақты ритмі қалыптасқан болатын. Ал бұл ритмнің бұзылуы бірінші кезекте ағзаға үлкен салмақ салады. Сондай-ақ, локомотивті түнгі уақытта жүргізу көру қабілетіне де күш түсіреді. Қараңғы түскеннен кейін көзге көрінерлік нысандар қатары аза-йып, бірқалыпты (монотонный) қозғалыс орнығады. Ұзақ рейстерде машинистің көзбен көру және есту қабілеттеріне бірқалыптылықтан басқа үнемі болып тұратын вибрацияның да кері әсері бар. Өйткені, вибрацияның әсерінен жүргізуші тербеліп, шайқалып отырады. Бұдан басқа мидың функциональдық жүйесінің жұмыс деңгейіне теріс ықпал ететін факторлар кешеніне еңбектің дұрыс ұйымдастырылмауын да жатқызар едік. Қалай дейсіз ғой?

Мысалы, кесте дұрыс құрылмаса, машинистің түнгі рейс алдында немесе одан кейінгі уақытта дұрыстап тынығып, сергектенуіне мүмкіндігі болмайды. Ал мұның бәрі қырағылықты төмендетеді, тіпті кейбір жағдайда машинист жылжымалы құрамды жүргізіп келе жатып ұйықтап қалуы да мүмкін. Локомотивті басқарушылар қырағылықты ұзақ рейс-терде жоғалтады, сол себептен қас-қағым сәтте сәтсіздіктер туындап жатады. Бұл сәтсіздіктер өте қысқа болуы мүмкін, алайда, оның соңы үлкен қатерге ұштасуы кәдік.

Бүгінде конструкторлар машинистер-дің қырағылығын күшейтіп, қолдау бағытында жаңа аспаптарды жасауға күш жұмсауда. Мәселен, бір кездері машинист креслосының орнына велосипед ерін пайдалану ұсынылған еді. Мамандардың бұл ұсынысты жасағанда көздегендері адам ұйықтап кеткенде, жайсыз орындықтан құлап кетіп, оянады дегенге саятын. Әлбетте, қырағылықты бұлайша қолдау тәсілі қолданысқа енгізілмеді. Сонымен, ми жүйесінің функциональдық дайындық дәрежесін құрайтын қырағылық еңбекті рационалдауға бағытталған психологиялық зерттеу объектісі болып табылады.

Ал маман ретінде, машинистерге қырағылық қасиетін сақтау үшін келесі кеңестерді берер едім. Біріншіден, жұмыс процесін дұрыс ұйымдастырып, өз күштерін бағалау. Екіншіден, күн тәртібін сақтап, дұрыс тамақтану. Үшіншіден, психологиялық жағынан байсалды-байыптылықты сақтау қажет, егер де ойламаған жерден қажып- болдырғаныңызды сезінсеңіз, ең жақсы тәсіл 2-3 гимнастикалық жаттығу жасау. Мысалы, отырып-тұру, оң және сол жаққа денеңмен бұрылу, тыныс алу жаттығулары, міне, осы жаттығулардан кейін адам бойы біршама сергіп, шаршап-шалдыққаны басылады.

Ләззат АБЕУБЕКОВА Балқаш локомотив пайдалану
депосының психолог-диагнозшысы
Поделиться:
Популярные новости
1987 / 20.11.2017

Локомотивтер қысқа дайын

«ҚТЖ-Жүк тасымалы» АҚ локомотив паркі қыс маусымында жұмыс істеуге толық дайын. Компанияның локомотив пайдалану деполарында локомотивтердің техн...

3583 / 30.05.2012

Теміржолшылар сақ болуға шақырады

Қайыржан ТӨРЕЖАН Бүгінгі күні қайғылы жағдайларға соқтыратын әртүрлі төтенше оқиғалар сияқты теміржол бойындағы оқыс оқиғалардың статикасы да ...

2732 / 27.03.2012

Сергектік айқындау ушін

Наурыз мейрамын тойлау желеуі Орал қаласының қанаушылықты локомотивті депо қызметкерлері тепловоз жүргізуші Александр Прусс және оның көмекшісі ...

Соңғы жаңалықтар

Горячая линия

Вы можете сообщить о любых нарушениях Кодекса поведения в том числе о фактах коррупции, мошенничества, неэтичного поведения, дискриминации

Толығырақ


Серіктестер