ҚТЖ-да Alstom компаниясының қатысуымен жыл сайынғы техникалық семинар өтті
ҚТЖ алаңында «ҚТЖ-Жүк тасымалы» ЖШС, «ҚТЖ-Пассажирлік локомо...

Үмбетов Асан Ізтілеуұлы – «ҚТЖ-Жүк тасымалы» ЖШС Бас директоры (Басқарма төрағасы)
1983 жылы Ақтөбе облысында дүниеге келген. М.Тынышпаев атындағы Қазақ көлік және коммуникациялар академиясын Темір жол инженері (локомотивтер) біліктілігі бойынша бітірген.
Ол 20 жылдан астам локомотив саласында еңбек етіп келеді. Еңбек жолын Ақтөбе локомотив пайдалану депосында тепловоз машинисінің көмекшісі болып бастаған. Әйтеке би айналым депосының тепловоз машинисті, машинист-нұсқаушысы, директорының орынбасары, Курорт-Боровское пайдалану локомотив депосы директорының өндіріс жөніндегі орынбасары және Павлодар пайдалану локомотив депосы директорының пайдалану жөніндегі орынбасары қызметтерін атқарған. 8 жыл Қарағанды пайдалану локомотив депосын басқарды. 2022 жылы «ҚТЖ – Жүк тасымалы» ЖШС локомотивтерді пайдалану департаментінің атқарушы директоры – директоры болып тағайындалды. 2023 жылдың 6 қыркүйегінде «ҚТЖ-Жүк тасымалы» ЖШС Бас директорының локомотив шаруашылығы жөніндегі орынбасары қызметіне ауыстырылды.

Омарбекова Шолпан Сапарғалиқызы – Бас директордың экономика және қаржы жөніндегі орынбасары
С. М. Киров атындағы Қазақ мемлекеттік университетін «экономика» мамандығы бойынша аяқтаған, Назарбаев Университетінде МВА магистрі дәрежесі бар. CIMA (rus), ACCA DipIFR(rus) біліктіліктері бар.
1991-2000 жылдары Қазақстан Республикасы Ұлттық Ғылым академиясының Экономика институтында жұмыс істеді. 2000 жылы «Қазгипрожелдортранс» ААҚ-да бас маман ретінде теміржол саласында жұмыс істей бастады.
2002-2010 жылдар аралығында «Қазтранссервис» АҚ қаржы директоры, кейін вице-президенті болып тағайындалды. 2013 жылға дейін «Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ-ның Тарифтік саясат басқармасын басқарды. 2013-2016 жылдары «Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ экономика және қаржы жөніндегі басқарушы директоры қызметін атқарды.
2016 жылдың 1 шілдесінен 2018 жылдың 6 сәуіріне дейін – «ҚТЖ-Жүк тасымалы» АҚ-ның экономика және қаржы жөніндегі Вице-президенті.
2018 жылдың сәуірінен 2022 жылдың 25 қаңтарына дейін «ҚТЖ» ҰК» АҚ қаржылық бақылаушы, қаржы директоры қызметтерін атқарды.
2022 жылдың қаңтарынан бастап «ҚТЖ-Жүк тасымалы» ЖШС Бас директорының экономика және қаржы жөніндегі орынбасары болып тағайындалды.
«Құрметті теміржолшы» төсбелгісімен марапатталған.

Қабылов Қайрат Мұратұлы – «ҚТЖ-Жүк тасымалы» ЖШС Бас директорының қамтамасыз ету жөніндегі орынбасары
«ҚТЖ» ҰК» АҚ Басқарма отырысында Басқарма мүшесі болып тағайындалды. «ҚТЖ-Жүк тасымалы» ЖШС Бас директорының қамтамасыз ету жөніндегі орынбасары қызметін атқарады.
Осыған дейін «ҚТЖ» ҰК» АҚ-ның «Жолаушылар локомотивтері» ЖШС құрылымдық бөлімшесінде өндірісті қамтамасыз ету жөніндегі Басқарушы директор қызметін атқарған.
Қайрат Мұратұлы Алматы қаласындағы М.Тынышпаев атындағы Қазақ көлік және коммуникациялар академиясын «Kөлікті пайдалану және жүк қозғалысы мен тасымалдауды ұйымдастыру » мамандығы бойынша аяқтаған. Master of Business Administration и Doctor of Business Administration ғылыми дәрежесі бар.
Еңбек жолын Артель «Восток» компаниясында басқарма төрағасының орынбасары және Павлодар облысындағы «Алпыс» ЖШС директорының орынбасары болып бастаған.
Әртүрлі жылдарда Алматы қаласындағы «Қазақтелеком» ААҚ-ның бөлім меңгерушісі, Бас директордың орынбасары және Президенттің кеңесшісі, Астана қаласындағы «SINOOIL» АҚ вице-президенті, Астана қаласындағы «Локомотив» АҚ атқарушы директоры, «Ромпетрол Қазақстан» ЖШС өкілдігінің басшысы, Қарағанды қаласындағы «Өңіраралық клирингтік палата» ААҚ Директорлар кеңесінің төрағасы, Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің «Мұнай және газ ақпараттық-талдау орталығы» АҚ Бас директорының орынбасары қызметтерін атқарды. 2015-2017 жылдар аралығында Тбилисидегі «Ромпетрол Грузия» ЖШС бас директоры және бас директорының орынбасары қызметтерінде болды. 2017-2019 жылдары Тбилиси (Грузия) қаласындағы «Atlas RK groupe» ЖШС бас директорының 1-ші орынбасары қызметін атқарды. Әртүрлі жылдар аралығында «ҚТЖ» ҰК» АҚ филиалдарында – «Магистральдық желі дирекциясы», «Тасымалдау процесі дирекциясы», Инвестициялық саясат департаментінде және «Жолаушылар локомотивтері» ЖШС-де жұмыс істеді.
«Қазақстан темір жолына 110 жыл» ҚР теміржол көлігін дамытуға қосқан үлесі үшін» салалық медалімен марапатталған, 2014 ж.

Абжалиев Саламат Есембекович – «ҚТЖ-Жүк тасымалы» ЖШС жүк және коммерциялық жұмыс жөніндегі Бас директордың орынбасары
1983 жылы Жамбыл облысында туған. Ақмола көлік және коммуникациялар колледжін «Экономист» біліктілігі бойынша және Қазақ қатынас жолдары университетін «Тасымалдауды ұйымдастыру, қозғалыс және көлікті пайдалану» мамандығы бойынша бітірген.
Теміржол саласында 20 жылдан астам еңбек етеді.
Еңбек жолын Кияхты, Құрманғазы және Балқаш станцияларында жүк және багажды қабылдап-тапсырушы болып бастаған. «Тасымалдау үдерісінің дирекциясында» коммерциялық ревизор, 1 және 2 деңгейдегі менеджер, жүк және коммерциялық жұмыс департаментінің бас менеджері қызметтерін атқарған.
2024 жылы «ҚТЖ-Жүк тасымалы» ЖШС-нің маркетинг және жоспарлау жөніндегі Бас директордың орынбасары болып тағайындалды.
2025 жылғы қазаннан бастап — «ҚТЖ-Жүк тасымалы» ЖШС-нің жүк және коммерциялық жұмыс жөніндегі Бас директордың орынбасары.
«Адал еңбегі үшін», «Құрметті теміржолшы» белгілері сияқты ведомстволық және салалық наградалармен, сондай-ақ «Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ мен ТМД Теміржол көлігі кеңесінің Құрмет грамоталарымен марапатталған.

Уайсов Уалихан Сырлыбайұлы – Басқарма мүшесі – Құқықтық мәселелер жөніндегі атқарушы директор
Білімі: Астана қаласындағы Қазақ-Ресей университеті, Құқықтану, Экономика. Қазақ гуманитарлық-заң университеті Заң магистрі.
Еңбек қызметі:
01.09.2001 – 15.10.2007 Қазақ-Ресей университетінің заң пәндері кафедрасының оқытушысы, аға оқытушысы, меңгерушісінің міндетін атқарушы.
15.10.2007 – 11.02.2008 «ГазИнСервис» ЖШС заңгері
11.02.2008 – 21.04.2011 «ҚазТрансГаз» АҚ «Бейнеу-Шымкент МГ құрылысы» жобасын басқару жөніндегі департаментінің сатып алу бөлімінің бас менеджері, жетекші заңгері, бас менеджері.
22.04.2011 – 08.07.2014 «Бейнеу-Шымкент газ құбыры» ЖШС Басқарма хатшылығының жауапты хатшысы, Басшысы.
09.07.2014 – 31.07.2016 «ҚазТрансГаз» АҚ Заң департаменті директорының орынбасары, Құқықтық қамтамасыз ету департаменті директорының орынбасары.
01.08.2016 – 15.06.2020 «ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ Корпоративтік хатшы қызметінің Корпоративтік хатшысының орынбасары
22.02.2019 – 19.02.2020 «Инжиниринг және технологиялар трансферті орталығы» АҚ Директорлар кеңесінің мүшесі (Тәуелсіз директор), Тағайындаулар және сыйақылар жөніндегі комитеттің Төрағасы, Аудит жөніндегі комитеттің мүшесі.
03.07.2020 – 11.10.2021 «ҚТЖ» ҰК» АҚ Халықаралық келісім-шарттар департаментінің халықаралық жобаларды құқықтық қамтамасыз ету тобының жетекшісі.
12.10.2021 – қазірге дейін Құқықтық мәселелер жөніндегі атқарушы директор.
«Самұрық-Қазына» АҚ, «ҚазТрансГаз» АҚ, «Бейнеу-Шымкент газ құбыры» ЖШС, «ҚТЖ» ҰК» АҚ атынан құрмет грамоталарымен және алғыс хаттарымен марапатталған.
2019 жылдың 7 қарашасынан бастап «Директор» мәртебесінде ТДА Кәсіби директорлар ассоциациясының (Ресей Федерациясы) мүшесі. 2021 жылдың шілде айынан бастап «Aqiqat» корпоративтік заңгерлер коалициясы» Қоғамдық бірлестігінің мүшесі.