Темір жол әкімшіліктерінің сарапшылар кеңесі
«ҚТЖ – Жүк тасымалы» ЖШС Тарифтік саясат д...
Ү.ж. 12–13 желтоқсан күндері «ҚТЖ — Жүк тасымалы» АҚ Стратегиялық даму және тәуекелдерді басқару департаментімен «Тә
Семинар жұмысына күш жылжымалы құрамды пайдалану, инвестициялық саясат және қаржы, вагон шаруашылығы, құқықтық қамтамасыз ету департаменттерінің өкілдері мен Қоғам жанындағы 15 филиалдың тәуекел-үйлестірушілері белсене қатысты.
Семинар тәуекелдерді бағалау, қаржы тиімділігі, ішкі бақылау жүйелерін енгізу және дамыту саласында мамандандырылған «ПрайсуотерхаусКуперс» компаниясының тәжірибелі практиктерімен жүргізілді.
Оқулар барысында тәуекелдерді анықтау және бағалау, Тәуекелдер тізімі мен Картасын құрастыру әдістемелерінің негізгі қағидалары ашылды. Қатысушылар бұнымен қатар, тәуекелдер мен бақылауларды анықтаумен бизнес процестерді құрастыру, Тәуекелдер тізімін толтыру, тәуекелдер иелерімен нақты тәуекелге қатысты түсініктеме сияқты тәжірибелік тапсырмаларды орындап шықты.
Стратегиялық даму және тәуекелдерді басқару депаратментінің бас менеджері Гүлмира Есқалиеваның айтуына қарағанда, «өткізілген семинар тәуекелдерді басқару процестерінде Қоғамның құрылымдық бөлімшелері жауапкершіліктерінің деңгейін арттыруға болысады».
Семинар аяқталғаннан кейін барлық қатысушыларға сертификаттар тапсырылды.
«ҚТЖ — Жүк тасымалы» АҚ
баспасөз қызметі
«ҚТЖ – Жүк тасымалы» ЖШС Тарифтік саясат департаменті қызметкерлерінің төрағал...
«ҚТЖ – Жүк тасымалы» ЖШС-де темір жол жүк тасымалдары саласында «Заң және тәртіп...