Мекен жайы Астана қ., Қонаев көш., 6 үй, 7 қабат, блок А
Call-center 8 (7172) 60-30-30
8 (7172) 60-32-52
«ҚТЖ – Жүк тасымалы» АҚ қызметкерлеріне тәуекел-менеджементі бойынша сертификаттар табыс етілді
2118 / 14.12.2016 00:00

«ҚТЖ – Жүк тасымалы» АҚ қызметкерлеріне тәуекел-менеджементі бойынша сертификаттар табыс етілді

Ү.ж. 12–13 желтоқсан күндері «ҚТЖ — Жүк тасымалы» АҚ Стратегиялық даму және тәуекелдерді басқару департаментімен «Тәуекел-менеджменті» тақырыбына арналған оқыту семинары ұйымдастырылды. Тренинг тәуекелдерді басқару жүйесінің саласында (бұдан әрі — ТБЖ) Қоғам қызметінің тиімділігін арттыруға, сонымен қатар Қоғам филиалдарында ТБЖ жоспарлы түрде енгізуге бағытталып отыр.

Семинар жұмысына күш жылжымалы құрамды пайдалану, инвестициялық саясат және қаржы, вагон шаруашылығы, құқықтық қамтамасыз ету департаменттерінің өкілдері мен Қоғам жанындағы 15 филиалдың тәуекел-үйлестірушілері белсене қатысты.

Семинар тәуекелдерді бағалау, қаржы тиімділігі, ішкі бақылау жүйелерін енгізу және дамыту саласында мамандандырылған «ПрайсуотерхаусКуперс» компаниясының тәжірибелі практиктерімен жүргізілді.

Оқулар барысында тәуекелдерді анықтау және бағалау, Тәуекелдер тізімі мен Картасын құрастыру әдістемелерінің негізгі қағидалары ашылды. Қатысушылар бұнымен қатар, тәуекелдер мен бақылауларды анықтаумен бизнес процестерді құрастыру, Тәуекелдер тізімін толтыру, тәуекелдер иелерімен нақты тәуекелге қатысты түсініктеме сияқты тәжірибелік тапсырмаларды орындап шықты.

Стратегиялық даму және тәуекелдерді басқару депаратментінің бас менеджері Гүлмира Есқалиеваның айтуына қарағанда, «өткізілген семинар тәуекелдерді басқару процестерінде Қоғамның құрылымдық бөлімшелері жауапкершіліктерінің деңгейін арттыруға болысады».

Семинар аяқталғаннан кейін барлық қатысушыларға сертификаттар тапсырылды.

«ҚТЖ — Жүк тасымалы» АҚ
баспасөз қызметі

Поделиться:
Популярные новости
13 / 05.06.2026

Жеңіске темір ерік: "ҚТЖ – Жүк тасымалы" командасы алтынға ие болды және спартакиадаға дайындалуда

Жеңіске темір ерік: "ҚТЖ – Жүк тасымалы" командасы алтынға ие болды және спартаки...

25 / 01.06.2026

Пресс-релиз

**Астана қаласы** Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің спорт кеше�...

29 / 01.06.2026

Пресс-релиз

Балаларды қорғау халықаралық күні қарсаңында «ҚТЖ – Жүк тасымалы» ЖШС Ақтөбе қа...

Соңғы жаңалықтар

Жедел желі

Сіз Мінез-құлық кодексінің кез келген бұзушылықтары туралы, оның ішінде сыбайлас жемқорлық, алаяқтық, әдепсіз мінез-құлық, кемсітушілік фактілері туралы хабарлай аласыз.

Толығырақ


Серіктестер