Мекен жайы Астана қ., Қонаев көш., 10 үй, 7 қабат
Call-center 8 (7172) 60-30-30
8 (7172) 60-32-52
«Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ Жастар форумында 30-ға жуық инновациялық жоба таныстырылды
2009 / 09.12.2016 00:00

«Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ Жастар форумында 30-ға жуық инновациялық жоба таныстырылды

«Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ-нда VII Республикалық жастар форумының жұмысы аяқталды.

Қатысушылар алдында Компания жетекшісі Қанат Алпысбаев сөз сөйледі.

Қ.Алпысбаев қазақстандық мемлекеттілігінің дамуындағы теміржол саласының рөлін атап өтіп, «тәуелсіздік жылдарында «Қазақстан темір жолы» ұлттық экономика өсімінің драйверіне айналып, оның инфрақұрылымдық негізін қалағанын» тілге тиек етті.

Компания жетекшісі басты назарын «Нұрлы жол» бағдарламасы аясындағы инфрақұрылымдық жобаларды жүзеге асыру жөніндегі ауқымды міндеттерге, Қазақстанның Жаңа Жібек жолының іскерлік және логистикалық орталығы ретінде тұруына және қазақстандық көліктік-логистикалық қызметтерді ғаламдық нарыққа жылжытуға аударды.

«2020 жылға қарай біз үздік логистикалық климатқа ие 40 елдің қатарына кіруіміз керек. Ал бұл стратегиялық міндет болса, оның шешіміне бар Компанияны, соның ішінде жастарды да белсенді тартуды талап етеді».

Елбасы 1 желтоқсанда өткен Жастар форумы барысында «әлем жаңа технологиялық дәуірге аяқ басқалы тұрғанын» атап өтті. Ал бұл ғылыми-техникалық озықтықтың жылдамдатылуын және бәсекелестіктің нығайтылуын жобалайды. «Осы орайда бұл шақыру жас буынға өз қабілеттіліктері мен таланттарын жүзеге асыру және өз-өзін жетілдіруге мүмкіндік береді», — деді Компания жетекшісі.

«ҚТЖ» ҰК» АҚ басында жас еңбеккерлерді жедел дамытуға бағытталған жағдайлар тұрақты түрде құрылып отырады. Олар қосарлы оқыту жүйесі арқылы жоғарғы әрі орта кәсіби білім алып, тағылымдамадан өтуде. Үстіміздегі жылы 22 мыңға жуық еңбеккер білім алғанын айта кету керек.

Әлеуметтік қолдау кеңінен көрсетілуде. Бұл 3, 4, 5 санаттарындағы станцияларда жұмыстың алғашқы екі жылында көрсетілетін материалдық көмек пен түрлі конкурстың жеңімпаздарын марапаттау.

Сөзінің соңында Компания жетекшісі «ҚТЖ» ҰК» АҚ Даму стратегиясын және жалпы көліктік-логистикалық саланы жүзеге асыру жолында елеулі үлес қосатындарына сенім білдірді.

Форум барысында конкурстардың қорытындылары шығарылды. Олардың қатарында — инновациялық жобаларды тамашалау, «Болашақ басқарушылар», «Жас кәсіпқойлар», «Есімізде, мақтан амыз, мұра етеміз!» сияқты бағдарламаларға қатысу.

«3D логистика оқу жүйесі» атты өзінің идеясын енгізу мүмкіндігін ұсынумен 27 инновациялық жобаның ішінен бірінші орынға Орал станциясының қабылдау-өткізушісі М.Сүлейменова қол жеткізді.

Жастар ісі жөніндегі кеңестің үздік өңірлік өкілдері марапатталып, теміржолшылардың жас отбасыларына құрмет көрсетілді.

Форум жұмысын жабу шарасына алғашқы қазақ ғарышкері Тоқтар Әубәкіров, «ҚТЖ» ҰК» АҚ, салалық кәсіптік одақ ұйымдарының жетекшілері қатысып, марапаттарды тапсырды.

Жеті жыл бойы форумдар Компания жанындағы жүйелі жастар саясатының маңызды бөлігі болып келеді.

ҚТЖ әр төртінші еңбеккер — жас буын өкілі. Корпоративтік міндеттерді шешу жолында жетекшілерден бастап жұмыскерлерге дейін «ҚТЖ» ҰК» АҚ жастар қауымдастығының барлық топтары тартылады. Олардың барлықтары да Қазақстанның көліктік-логистикалық кешенінің бәсекеге қабілеттілігін арттыруға өз үлестерін қосып жүргені сөзсіз.

Поделиться:
Популярные новости
149 / 16.04.2024

Екібастұз қ. ГРЭС-1 аумағындағы жазатайым оқиға бойынша ақпарат

2024 жылғы 4 сәуірде "Б. Нұржанова атындағы ГРЭС-1" ЖШС кәсіпорнының кірме жолдарында пойыз құрастырушысының өлімімен жазатайым оқиға болды. Бұл...

281 / 15.04.2024

Мұнай өнімдерін т / ж көлікпен тасымалдау-тұрақты бақылауда

2024 жылдың бірінші тоқсанында ҚТЖ желісі бойынша 4,7 млн тоннадан астам мұнай өнімдері тасымалданды, бұл өткен жылдың сәйкес көрсеткішінен 6...

109 / 12.04.2024

Қытай және Орталық Азия елдері бағытында теміржол көлігімен экспорттық тасымалдаудың өсуі

Қытай және Орталық Азия елдері бағытында теміржол көлігімен экспорттық тасымалдаудың өсуі 2024 жылдың алғашқы үш айында көршілес Қытай бағыт...

Соңғы жаңалықтар

Горячая линия

Вы можете сообщить о любых нарушениях Кодекса поведения в том числе о фактах коррупции, мошенничества, неэтичного поведения, дискриминации

Толығырақ


Серіктестер