Мекен жайы Астана қ., Қонаев көш., 6 үй, 7 қабат, блок А
Call-center 8 (7172) 60-30-30
8 (7172) 60-32-52
Семей – Шар телімінде қалпына келтіру жұмыстары жүргізілуде
2116 / 07.12.2016 00:00

Семей – Шар телімінде қалпына келтіру жұмыстары жүргізілуде

Ү.ж. 7 желтоқсаны күні 09 сағат 20 минутта Семей жол бөлімшесінің Семей — Шар телімінде көмірмен жүктелген № 2305 пойызының 12 вагоны рельстерден шығып қалды.

Абырой болғанда, құрбандар мен зардап шеккендер жоқ.

Аталмыш оқиғаның себептерін анықтау мақсатымен «Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ құрылған арнайы комиссиясының мәліметтері бойынша, вагондардың рельстерден шығуына алтыншы вагонның бүйір жақ рамасының сынуы себеп болған. Осының салдарынан 400 метрге жуық теміржол төсемі зақымдалды.

Оқиға жерінде екі қалпына келтіру пойызы жұмыс жүргізуде. Пойыздардың қозғалысын қалпына келтіру үшін 70-тен астам маман тартылған.

Апат салдарынан тұрып қалған пойыздардың жолашуыларын тағайындалған жерлерге «ҚТЖ» ҰК» АҚ-ның автобустары жеткізуде.

Семей — Шар теліміндегі қозғалыс 21 сағат 00 минутта қалпына келтіріледі деп жоспарланып отыр.

«ҚТЖ — Жүк тасымалы» АҚ
Баспасөз қызметі

Поделиться:
Популярные новости
102 / 11.09.2026

Темір жол әкімшіліктерінің сарапшылар кеңесі

«ҚТЖ – Жүк тасымалы» ЖШС Тарифтік саясат департаменті қызметкерлерінің төрағал...

640 / 10.08.2026

«ҚТЖ – Жүк тасымалы» ЖШС-де темір жол жүк тасымалдары саласында «Заң және тәртіп» қағидатын іске асыру талқыланды

«ҚТЖ – Жүк тасымалы» ЖШС-де темір жол жүк тасымалдары саласында «Заң және тәртіп...

Соңғы жаңалықтар

Жедел желі

Сіз Мінез-құлық кодексінің кез келген бұзушылықтары туралы, оның ішінде сыбайлас жемқорлық, алаяқтық, әдепсіз мінез-құлық, кемсітушілік фактілері туралы хабарлай аласыз.

Толығырақ


Серіктестер