Мекен жайы Астана қ., Қонаев көш., 10 үй, 7 қабат
Call-center 8 (7172) 60-30-30
8 (7172) 60-32-52
«ҚТЖ» АҚ-нда VII Республикалық жастар форумы өтуде
1962 / 06.12.2016 00:00

«ҚТЖ» АҚ-нда VII Республикалық жастар форумы өтуде

«Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ жанынан жыл сайынғы VII Республикалық жастар форумы ашылды.

Форум жұмысының ашылуында «ҚТЖ» ҰК» АҚ Корпоративтік қамтамасыз ету жөніндегі вице-президенті Эрик Имашев сөз сөйледі.

Э.Имашев жастардың Компания қызметіне белсенді қатысуын, кадрлық даярлауды және жас қызметкерлерпдің әлеуетін жүзеге асыруды ерекше атап өтті. Оның айтуына қарағанда, «жастарға барынша қамқорлық жасау мен қолдау, сонымен қатар кадрлық қорды құзыреттіліктердің жоғарғы-деңгейіне, жеке әрі моральдік қасиеттерге ие жас мамандармен толықтыру „ҚТЖ“ ҰК» АҚ кадрлық стратегиясының негізгі элементі болып табылады».

«Бүгінгі күні әлемдік-деңгейдегі көліктік-логистикалық холдинг ретінде дамып келе жатқан Компания қызметіне белсенді қатысу аясында жастар алдында кең мүмкіндіктер мен перспективалар ашылуда», — дейді Э.Имашев.

Форум қатысушыларының алдында сондай-ақ, «Азаматтық бастамаларды қолдау орталығы» басқармасының төрағасы Н.Утешов және Дін істері және азаматтық қоғам министрлігі департаментінің директоры Г. Оспанқұлов сөз алды.

Жоспарланғандай, форум қатысушыларына түрлі оқыту тренингтері, бизнес-квесттер, ҚТЖ топ-менеджерлерімен панельдік пікірталастар, зияткерлік ойындар, семинарлар, мастер-класстар және өзге-де іс-шаралар ұсынылады.

     

Форумның шарықтау шегіне 26 номинация бойынша көліктік-логистикалық саланың үздік мамандарына «ҚТЖ» ҰК» АҚ-ның «Жас кәсіби маман — 2016» VІ жыл сайынғы жастар сыйлығының табыс етілуі айналмақ.

Бұған қоса, ҚР Тәуелсіздігінің 25-жылдығын мерекелеуге орайластырылған «25 маңызды мейірімді іс» атты қайырымдылық акциясының қорытындылары шығарылады деп көзделген.

Поделиться:
Популярные новости
181 / 16.04.2024

Екібастұз қ. ГРЭС-1 аумағындағы жазатайым оқиға бойынша ақпарат

2024 жылғы 4 сәуірде "Б. Нұржанова атындағы ГРЭС-1" ЖШС кәсіпорнының кірме жолдарында пойыз құрастырушысының өлімімен жазатайым оқиға болды. Бұл...

318 / 15.04.2024

Мұнай өнімдерін т / ж көлікпен тасымалдау-тұрақты бақылауда

2024 жылдың бірінші тоқсанында ҚТЖ желісі бойынша 4,7 млн тоннадан астам мұнай өнімдері тасымалданды, бұл өткен жылдың сәйкес көрсеткішінен 6...

249 / 12.04.2024

Қытай және Орталық Азия елдері бағытында теміржол көлігімен экспорттық тасымалдаудың өсуі

Қытай және Орталық Азия елдері бағытында теміржол көлігімен экспорттық тасымалдаудың өсуі 2024 жылдың алғашқы үш айында көршілес Қытай бағыт...

Соңғы жаңалықтар

Горячая линия

Вы можете сообщить о любых нарушениях Кодекса поведения в том числе о фактах коррупции, мошенничества, неэтичного поведения, дискриминации

Толығырақ


Серіктестер