Мекен жайы Астана қ., Қонаев көш., 10 үй, 7 қабат
Call-center 8 (7172) 60-30-30
8 (7172) 60-32-52
2127 / 30.11.2016 00:00

ҚТЖ және компаниялар тобы жүктер тасымалы бойынша қойылған барлық міндеттерді атқаруда

Қазіргі уақытта «ҚТЖ — Жүк тасымалы» АҚ қажетті қорларға, соның ішінде түрлі жүктердің тәуліктік теміржол тасымалдарын қамтамасыз етуге арналған республикадағы ірі вагон паркіне ие.

Бұған дейінгі жылдар жұмысының тәжірибесі, сонымен қатар нарықтағы, ағымдағы жағдай ұлттық тасымалдаушыдан өз әлеуетін тиімді пайдалану бойынша құрылымдық шараларды қабылдауды және жүк жөнелтушілері, жүк алушылары және тасымалдаушы арасында ұзақмерзімді сұхбатты талап етеді.

Солай, әр жылдың бас кезінде Компания вагон паркінің жүк тасымалдарына қатысты қызметтерді көрсетуге толық дайындығын жүргізіп отырады. Қазіргі таңда республика аумағы бойынша үйілмелі жүктерді, соның ішінде көмірді тасымалдау үшін жартылай вагондардың шамамен 30 000 бірлігі пайдаланылады. Жыл бойы вагон паркін біркелкі пайдалануда бұл көлем үйлімелі жүктерді тасымалдау жөніндегі жылдық көлемді атқару үшін жеткілікті.

«Жыл сайын жүк тасымалдаушысы қыстың басында вагондарға деген сұранымының күрт артуына жолығады. Ал жылдың 1–2 тоқсандарында вагондар тиеуді, керісінше, күтіп тұрады», — дейді «ҚТЖ — Жүк тасымалы» АҚ Логистика департаментінің директоры Дәулетбек Нығметов.

«Тасымал процесі қатысушыларының назарын біркелкі жоспарлаудың өзектілігі мен маңыздылығына тағы аударғымыз келеді. Өйткені, қатты отынның жылдық көлемін бір айдың ішінде тасымалдап шығу мүмкін емес. Көпжылғы тәжірибеден ауытқу керек. Жүктердің көлемі жыл сайын өсіп келе жатуына байланысты, вагон паркінің профицитіне сенуіміз қажет», — деді Д.Нығметов.

Қысқы уақыттағы вагондар жетіспеушілігі жайында сөз қозғанғанда, жылылау маусымына жылсайынғы дайындық мамыр айында басталуына қарамастан, жүк жөнелтушілері мен жүк алушылары тұрғындардың қатты отынға деген қажеттіліктерін суық мезгілдерінде ғана естеріне түсіретіндерін ұмытып кетеді. Қысқа дайындалу барысында тасымалдау процесінің барлық қатысушылары үшін көктемді-жазғы мерзім ең тиімді болып табылады.

«ҚТЖ — Жүк тасымалы» АҚ-да жүктерді уақытылы жеткізу жөніндегі жұмыстар жалғастырылуда. Ұлттық тасымалдаушының бәсекеге қабілеттілігін арттыру жолындағы шаралардың бірі жүк теміржол тасымалдарының тарифтерін қайта реттеу болып табылады.

«ҚТЖ — Жүк тасымалы» АҚ
Баспасөз қызметі

Поделиться:
Популярные новости
3 / 14.07.2025

Бейнеу станциясындағы ТЧЭ-6 Маңғыстау филиалының ДОЛБ ғимаратының күрделі жөндеуі аяқталды

Еңбек жағдайларын жақсартуға арналған жоспарлы іс-шаралар аясында Бейнеу станциясындағы ТЧЭ-6 Маңғыстау филиалына қарасты локомотив қауіпсіздігі...

1 / 14.07.2025

Ақтөбеде «ҚТЖ – Жүк тасымалы» қызметкерлері ISO 19011 бойынша тәуекел-менеджмент пен ішкі аудитті меңгерді

2025 жылғы 9–11 шілде аралығында Ақтөбе қаласында «ҚТЖ – Жүк тасымалы» ЖШС филиалдары мен Орталық аппаратының қызметкерл...

2 / 13.07.2025

«ҚТЖ» ҰК» АҚ қызметкерлері Astana Triathlon Half жарысында жүлдегер атанды

Астана қаласында триатлонның әуесқойлары мен кәсіпқойларын бүкіл ел бойынша жинаған ауқымды Astana Triathlon Half сайысы өтті. Қатысушылар арасы...

Соңғы жаңалықтар

Жедел желі

Сіз Мінез-құлық кодексінің кез келген бұзушылықтары туралы, оның ішінде сыбайлас жемқорлық, алаяқтық, әдепсіз мінез-құлық, кемсітушілік фактілері туралы хабарлай аласыз.

Толығырақ


Серіктестер