Мекен жайы Астана қ., Қонаев көш., 6 үй, 7 қабат, блок А
Call-center 8 (7172) 60-30-30
8 (7172) 60-32-52
2040 / 22.11.2016 00:00

Қазақстанның 2016 жылғы үздік машинисі таңдалды

Павлодар қаласында локомотив бригадаларының үздік еңбеккерлері арасында «Жыл машинисі» республикалық конкурсының қорытындылары шығарылды.

Өңірлердегі жарыстардың алғашқы кезеңінен өткен барлық кандидаттар мінсіз кәсіби белделге ие. «ҚТЖ — Жүк тасымалы» АҚ Жүк жылжымалы құрамын пайдалану департаменті жанындағы Локомотивтер және локомотив бригадаларының жұмыстарын ұйымдастыру тобының менеджері Асқар Шокулбаев атап өткендей, «қатысушыларды таңдау бүкіл ел бойынша — Атыраудан бастап, Өскеменге дейін жүзеге асырылды. Аталмыш конкурсқа қозғалыс қауіпсіздігінің бұзуларын, пойыз және маневрлік жұмыста жаңылыстарды болдырмаған, сонымен қатар үздік өндірістік көрсеткіштерді көрсетіп жүрген машинистер ғана қатыса алды».

Павлодар локомотив депосында өткен, ақтық сындағы 30 финал қатысушысы техникалық пайдалану ережелерін, пойыздар қозғалысы жөніндегі нұсқауларды және өзге-де нормативтік құжаттарды білуге қатысты жарысты. Нәтижесінде Жамбыл пайдаланушылық локомотив депосының машинисі Максим Иваненко қанжығасына жинаған ұпайлар бойынша көшбасшы атанып, арнайы кубок пен, ақшалай сыйлықақыға ие болды.

Омбы теміржол техникумы мен Машинистерді даярлау бойынша Тараз оқу орталығын аяқтаған Максим жүк қозғалысындағы электровозды 2008 жылдан бері жүргізіп келеді.

«Бүгінгі күні жеңіске жетуіме маңызды дайындық пен әріптестерімнің қолдауы көмектесті. Биылғы конкурстағы осы жеңісімді мақтан тұтамын әрі біздің депомыз келесі жылы да жақсы көрсеткіштер көрсететініне кәміл сенемін», — дейді М.Иваненко.

Бұнымен қатар, конкурс жүлдегерлері-де анықталды. Солай, екінші орынға Семей пайдаланушылық локомотив депосының локомотив машинисі Ерлан Дүйсенбинов ие болды. Үшінші орында — Курорт-Боровое пайдаланушылық локомотив депосының локомотив машинисі Әбіш Бекмурзин.

«Жыл машинисі» республикалық конкурсы «Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ-да 2007 жылдан бері өткізіліп келіп, теміржол саласы еңбеккерлерінің кәсіби дамуында маңызды рөл атқарады.

«ҚТЖ — Жүк тасымалы» АҚ
баспасөз қызметі

Поделиться:
Популярные новости
106 / 11.09.2026

Темір жол әкімшіліктерінің сарапшылар кеңесі

«ҚТЖ – Жүк тасымалы» ЖШС Тарифтік саясат департаменті қызметкерлерінің төрағал...

651 / 10.08.2026

«ҚТЖ – Жүк тасымалы» ЖШС-де темір жол жүк тасымалдары саласында «Заң және тәртіп» қағидатын іске асыру талқыланды

«ҚТЖ – Жүк тасымалы» ЖШС-де темір жол жүк тасымалдары саласында «Заң және тәртіп...

Соңғы жаңалықтар

Жедел желі

Сіз Мінез-құлық кодексінің кез келген бұзушылықтары туралы, оның ішінде сыбайлас жемқорлық, алаяқтық, әдепсіз мінез-құлық, кемсітушілік фактілері туралы хабарлай аласыз.

Толығырақ


Серіктестер