Мекен жайы Астана қ., Қонаев көш., 6 үй, 7 қабат, блок А
Call-center 8 (7172) 60-30-30
8 (7172) 60-32-52
Қазақстан локомотивтерінің 70-ке жуық үздік машинисі «Құрметті локомотив машинисі» салалық белгісімен марапатталды
2257 / 15.11.2016 00:00

Қазақстан локомотивтерінің 70-ке жуық үздік машинисі «Құрметті локомотив машинисі» салалық белгісімен марапатталды

«Құрметтi локомотив машинисi» төске тағатын белгісі «ҚТЖ — Жүк тасымалы» АҚ Алматы, Жамбыл, Қызылорда бөлімшелері жанындағы пайдаланушылық локомотив деполарының үздік машинистеріне тапсырылып отыр. Аталмыш құрметті салалық награда Қазақстан Тәуелсіздігінің 25-жылдығына орай бекітілген.

Биылғы жыл ҚТЖ-да Машинис жылы деп жарияланған. Құрметі зор белгісімен теміржолда қауіпсіз қозғалысты қамтамасыз ету жолындағы мінсіз әрі адал еңбек атап өтілуде.

«ҚТЖ — Жүк тасымалы» АҚ Жылжымалы құрам жөніндегі Вице-президенті Марат Шәкенов кәсіп беделінің өсімінде Машинис жылының маңыздылығын атап өтіп отыр. Жас мамандардың көбі пойыздарды жүргізуді, өз тағдырларын теміржолмен байланыстыруды армандайды. «Құрметтi локомотив машинисi» салалық белгісіне ие болғандар бастауыш теміржолшылар үшін үлгі екені айтпаса да түсінікті.

Оның сөзінше, «теміржолда жаңа технологиялар мен замануи техника енгізілгендіктен, машинистерге заманмен қатар жүруге тура келеді. Бұл ретте ең бастысы — қозғалыс қауіпсіздігі жөніндегі талаптарды қатаң сақтау».

Ағымдағы жылдың ішінде салалық комиссия осы құрметті белгіге лайықты үздік машинистердің аттарын жариялады. Марапатталған теміржолшылар апатсыз жұмысты қамтамасыз етуде. Олардың көбі қозғалыс қауіпсіздігінің бұзылуларына жол бермей, өздерінің жоғары кәсіби шеберліктерін көрсеткен.

«ҚТЖ — Жүк тасымалы» АҚ өзге бөлімшелерінің үздік машинстері салалық белгіге үстіміздегі жыл қарашасының аяғына дейін ие болады деп жоспарланған.

«ҚТЖ — Жүк тасымалы» АҚ
баспасөз қызметі

Поделиться:
Популярные новости
105 / 11.09.2026

Темір жол әкімшіліктерінің сарапшылар кеңесі

«ҚТЖ – Жүк тасымалы» ЖШС Тарифтік саясат департаменті қызметкерлерінің төрағал...

648 / 10.08.2026

«ҚТЖ – Жүк тасымалы» ЖШС-де темір жол жүк тасымалдары саласында «Заң және тәртіп» қағидатын іске асыру талқыланды

«ҚТЖ – Жүк тасымалы» ЖШС-де темір жол жүк тасымалдары саласында «Заң және тәртіп...

Соңғы жаңалықтар

Жедел желі

Сіз Мінез-құлық кодексінің кез келген бұзушылықтары туралы, оның ішінде сыбайлас жемқорлық, алаяқтық, әдепсіз мінез-құлық, кемсітушілік фактілері туралы хабарлай аласыз.

Толығырақ


Серіктестер