Темір жол әкімшіліктерінің сарапшылар кеңесі
«ҚТЖ – Жүк тасымалы» ЖШС Тарифтік саясат д...
Жамбыл өртке қарсы қызмет жасағы қызметкерлерінің ұйымдастыруымен Шу локомотив пайдалану депосында өртке қарсы оқу-жаттығу шаралары өтті.
Өртке оранған депо аумағындағы локомотивті сөндіруге сондай-ақ облыстық Төтенше жағдайлар департаментінің мамандары да жұмылдырылды. Еріктілер жасағы да қарап қалмады. Депоның бас инженері Қуат Молдабековтың ұйытқы болуымен ТО-1 бригадасынан жасақталған еріктілер өрт сөндірушілер келгенше бекітілген кестеге сай жұмыс жүргізді.
– Бұл оқу-жаттығу шаралары бекітілген кестеге сай жүргізіліп отыр. Жаз айларында өрттің алдын алу шаралары бойынша жұмыстарды пысықтауда да талаптар назарға алынуда. Бүгінгі жаттығу шараларында еріктілердің іс-әрекеттері оң бағасын алып отыр, – дейді Жамбыл өртке қарсы қызмет жасағы бастығының орынбасары Абдусаттар Абдуганиев.
«ҚТЖ – Жүк тасымалы» ЖШС Тарифтік саясат департаменті қызметкерлерінің төрағал...
«ҚТЖ – Жүк тасымалы» ЖШС-де темір жол жүк тасымалдары саласында «Заң және тәртіп...