Мекен жайы Астана қ., Қонаев көш., 6 үй, 7 қабат, блок А
Call-center 8 (7172) 60-30-30
8 (7172) 60-32-52
«ҚТЖ – Жүк тасымалы» ЖШС-де темір жол жүк тасымалдары саласында «Заң және тәртіп» қағидатын іске асыру талқыланды
447 / 10.08.2026 01:48

«ҚТЖ – Жүк тасымалы» ЖШС-де темір жол жүк тасымалдары саласында «Заң және тәртіп» қағидатын іске асыру талқыланды

«ҚТЖ – Жүк тасымалы» ЖШС-де темір жол жүк тасымалдары саласында «Заң және тәртіп» қағидатын іске асыру талқыланды

«ҚТЖ – Жүк тасымалы» ЖШС-де темір жол жүк тасымалдары саласында «Заң және тәртіп» қағидатын іске асыруға арналған жұмыс кездесуі өтті. Іс-шара заңдылықты нығайту, құқықтық мәдениетті арттыру және өндірістік үдерістердің ашықтығын қамтамасыз ету бойынша жүргізіліп жатқан жұмыс аясында өтті.

Кездесуді ашқан «ҚТЖ – Жүк тасымалы» ЖШС Бас директоры (Басқарма Төрағасы) Асан Ізтлеуұлы Өмбетов заңдылық, тәртіп және жеке жауапкершілік қағидаттарын сақтау компанияның тұрақты дамуының, тасымалдау үдерісінің қауіпсіздігін қамтамасыз етудің және мемлекет, клиенттер мен серіктестер тарапынан сенімді сақтаудың ажырамас шарты болып табылатынын атап өтті.

Іс-шараға Астана қаласы бойынша Сот әкімшілігі департаментінің басшысы Елдос Шаганұлы Жұмаксанов, Бас көлік прокурорының аға көмекшісі Еркебұлан Қоңырбайұлы Қошаханов, «ҚТЖ – Жүк тасымалы» ЖШС орталық аппаратының қызметкерлері, сондай-ақ бейнеконференцбайланыс режимінде қосылған Серіктестік филиалдарының директорлары қатысты.

Негізгі баяндамамен «ҚТЖ – Жүк тасымалы» ЖШС Құқықтық қамтамасыз ету департаментінің директоры Алан Сейсенбайұлы Алмуханбетов сөз сөйледі. Ол өз сөзінде компания қызметінде «Заң және тәртіп» қағидатын іске асырудың негізгі бағыттарын, заңнаманы сақтау, құқық бұзушылықтың алдын алу, корпоративтік тәртіпті нығайту және қызметкерлердің құқықтық мәдениетін арттыру мәселелерін жан-жақты қарастырды.

Астана қаласы бойынша Сот әкімшілігі департаментінің басшысы Елдос Шаганұлы Жұмаксанов өз сөзінде темір жол жүк тасымалдары саласына қатысты істерді сот тәжірибесінде қарау, сондай-ақ еңбек заңнамасын қолдану мәселелері туралы айтты. Ол еңбекті қорғау және қауіпсіздік техникасы талаптарын сақтауға ерекше назар аударып, қызметкерлердің өмірі мен денсаулығын сақтау үшін бұзушылықтардың алдын алу мен заңнама нормаларын мүлтіксіз орындаудың маңыздылығын атап өтті.

Кездесу барысында көлік саласында «Заң және тәртіп» қағидатын ілгерілету жөніндегі мемлекеттік саясатты іске асыру, құқық қорғау және сот органдарымен өзара іс-қимылдың тиімділігін арттыру, құқық бұзушылықтың алдын алу, тасымалданатын жүктердің сақталуын қамтамасыз ету және заңнама талаптарын сақтау мәселелері қаралды.

Компанияның қызмет нәтижелеріне және жүк тасымалдарының тиімділігін одан әрі арттыруға бағытталған шараларға ерекше назар аударылды. «ҚТЖ – Жүк тасымалы» ЖШС өндірістік көрсеткіштердің тұрақты оң серпінін сақтап отырғаны атап өтілді. 2025 жылы республикаішілік қатынаста тасымал көлемі 176,9 мың тоннаға жетті, бұл 2022 жылғы көрсеткіштен 7,1%-ға артық, ал жүк айналымы 93,6 млн тонна-километрге дейін ұлғайды (+6,2%). Экспорттық және транзиттік тасымалдардың өсуі жалғасуда, бұл Қазақстанның транзиттік әлеуетінің нығаюын және көлік инфрақұрылымын пайдалану тиімділігінің артуын растайды.

Цифрлық шешімдерді енгізу мен қағазсыз технологияларды дамыту нәтижелері жеке көрсетілді. Бүгінде республикаішілік қатынаста тасымалдау құжаттарын ресімдеу дерлік толығымен электрондық форматта жүзеге асырылады — қағазсыз технологияны қолдану деңгейі 99,7% құрайды. Компания сондай-ақ шектес мемлекеттердің теміржол әкімшіліктерімен электрондық деректер алмасуды жүйелі түрде дамытуда, бұл халықаралық тасымалдарды жеделдетуге және көрсетілетін қызметтер сапасын арттыруға ықпал етеді.

Кездесуге қатысушылар «Заң және тәртіп» қағидатын іске асыру корпоративтік басқаруды жетілдіруді, цифрландыруды дамытуды, жүктердің сақталуын қамтамасыз етуді, бұзушылықтардың алдын алуды және қызметкерлердің біліктілігін үздіксіз арттыруды қамтитын кешенді жұмыс болып табылатынын атап өтті. Мұндай тәсіл заңдылық мәдениетін нығайтуға, компания қызметінің тиімділігін арттыруға және Қазақстан Республикасы теміржол саласының одан әрі дамуына ықпал етеді.
Поделиться:
Популярные новости
9 / 11.09.2026

Темір жол әкімшіліктерінің сарапшылар кеңесі

«ҚТЖ – Жүк тасымалы» ЖШС Тарифтік саясат департаменті қызметкерлерінің төрағал...

Соңғы жаңалықтар

Жедел желі

Сіз Мінез-құлық кодексінің кез келген бұзушылықтары туралы, оның ішінде сыбайлас жемқорлық, алаяқтық, әдепсіз мінез-құлық, кемсітушілік фактілері туралы хабарлай аласыз.

Толығырақ


Серіктестер