Пресс-релиз
2026 жылғы 4 маусым Астана қ.
ҚТЖ ТЭ33А тепловоздар паркінің 92%-дан астамын Trip Optimizer жүйесімен жарақтауды аяқтады
ҚТЖ поездты интеллектуалды басқару жүйесі Trip Optimizer енгізуді жалғастыруда
2026 жылғы 29 мамырдағы жағдай бойынша ҚТЖ желісінде көзделген 425 жинақтың 393-і поездты автоматтандырылған басқарудың интеллектуалды жүйесі Trip Optimizer (ТО) орнатылды. Қалған локомотивтерді жарақтандыруды ағымдағы жылдың шілде айының соңына дейін Ақтөбе, Мақат, Сексеул және Аягөз сервис орталықтарында аяқтау жоспарлануда.
Trip Optimizer — круиз-бақылау қағидаты бойынша жұмыс істейтін поездты автоматтандырылған басқарудың интеллектуалды жүйесі. Жүйе жол профилін, состав массасын, локомотив сипаттамаларын, қолданыстағы жылдамдық шектеулерін және басқа да пайдалану параметрлерін ескере отырып, поезды жүргізудің оңтайлы режимін есептейді. Бұл отын тиімділігін арттыруға, белгіленген қозғалыс кестесінің сақталуын қамтамасыз етуге және поездты басқару барысында локомотив бригадаларына қосымша қолдау көрсетуге мүмкіндік береді.
Бүгінгі таңда Trip Optimizer жүйесін пайдалана отырып локомотивтердің айналымы жоспарланған 65 учаскенің 48-і өнеркәсіптік пайдалануға енгізілді.
Сонымен қатар, темір жол инфрақұрылымын цифрландыру жұмыстары жалғасуда. Маршруттардың цифрлық картасын қалыптастыру шеңберінде жоспарланған 10 000 км-дің 9 675 км жолы цифрландырылды.
«Қазақстан темір жолы» АҚ ҰК» АҚ баспасөз қызметі