Локомотивтерді көктемгі комиссиялық тексеру
«КТЖ–Жүк тасымалы» ЖШС 2026 жылғы жазғы тасымалдарға дайындық мақсатында локомотивтердің көктемгі комиссиялық тексерісін бастады
«КТЖ–Жүк тасымалы» ЖШС-де локомотивтердің көктемгі комиссиялық тексерісі (ККТ) басталды. Бұл жұмыс тартқыш жылжымалы құрамды жазғы пайдалану режиміне дер кезінде дайындауға бағытталған. Тексеру жұмыстары 2026 жылғы 10 сәуір мен 31 мамыр аралығында жүргізіледі.
ККТ барысында 1598,5 бірлік локомотив қаралып, қызмет көрсетіледі, оның ішінде:
ТЭМ, ЧМЭ, 2ТЭ10МК/ВК, ТЭ33А/Ас, 2ТЭ25КМ, СКД6/ТЭМ KZ, ТЭМ11А, ТЭ36А сериялы тепловоздар;
ВЛ80, ВЛ40, ВЛ60рельс, KZ8А сериялы электровоздар.
ККТ өткізу кезінде техникалық іс-шаралардың кешені орындалады.
Көктемгі комиссиялық тексеріс локомотив паркін жазғы қарқынды тасымал кезеңінде сенімді пайдалануды қамтамасыз етеді және тасымалдау процесінің қауіпсіздігі мен сапасының жоғары деңгейін сақтауға ықпал етеді.