ҚТЖ наурыз айында теміржол жолдарынан 194 390 текше метрден астам қарды тазалады
ҚТЖ наурыз айында теміржол жолдарынан 194 390 текше метрден астам қарды тазалады
Наурыз айының ортасына қарай Қазақстанның бірқатар өңірлерінде қыс көктемге орын беруге асықпай тұр. Қардың қалың жаууы мен дауылды жел автожолдардың жабылуына және коммуналдық қызметтердің күшейтілген режимде жұмыс істеуіне себеп болды. Осындай қолайсыз ауа райы жағдайында ҚТЖ пойыздардың үздіксіз қозғалысын және қар құрсауында қалған адамдарды тасымалдауды қамтамасыз етті.
Стихия әсіресе елдің солтүстік бөлігінде қатты әсер етті, бірақ оңтүстікті де, соның ішінде Алматы өңірін де айналып өткен жоқ. Өткен аптада шамамен 350 кірме жол қармен басылып қалды, сондай-ақ магистральдық желінің бірқатар бөлімшелерінде станциялық жолдардың қар басуы тіркелді, бұл вагондарды беру мен жинауға қосымша қиындықтар туғызды. Қолайсыздықтарды азайту үшін теміржол учаскелерінде инфрақұрылымды тазалау және қалыпты технологиялық режимді қалпына келтіру жұмыстары тәулік бойы жүргізілді. Ерекше назар Достық – Алашанькоу учаскесіне аударылды, мұнда қатты желдің салдарынан пойыз қозғалысы қауіпсіздік бойынша қатаң шектеулерді ескере отырып жүзеге асырылды, соның ішінде ауыр құрамдарды өткізу арқылы.
Тек наурыз айының басынан бері «ҚТЖ» ҰК» АҚ желісінен 194 390 текше метр қар тазартылды.
Бұл ретте СМ-2 типті қар тазалау машиналары 261 рет (718 рейс) шықты. СДПМ типті қар тазалау машиналарының көмегімен 27 ақпаннан 15 наурызға дейін 20 307 шақырым жол тазартылып, 389 рет шығу жүзеге асырылды.
Станциялық жолдар мен стрелкаларды тазалау үшін 26 мыңнан астам жол монтерлері жұмылдырылды, олардың ішінде күндіз – 13 548 адам, түнде – 13 528 адам. Сонымен қатар, кейбір станцияларда екінші кезектегі жұмысшылардың көмегіне жүгінуге тура келді – 698 адам.
Жалпы алғанда, биыл қыс аздап кешігіп келді – «ҚТЖ» ҰК» АҚ желісінде қар тазалау жұмыстары 5 желтоқсанда басталды. Алайда әлі күнге дейін жалғасуда. 5 желтоқсаннан 12 наурызға дейін теміржолшылар арнайы техниканың көмегімен 891 мың текше метрден астам қарды тазалап, 83 773 шақырым жолды қардан аршып шықты.
Осы кезеңде барлық арнайы техника түрлерімен 2 375 рет шығу жүзеге асырылды, оның ішінде 1 312 рет – СДПМ типті қар тазалау машиналарымен және 1 063 рет (3 502 рейс) – СМ-2 типті машиналарымен.
Бұл қыста жауын-шашын көлемі бойынша көшбасшы Ақмола өңірі болды – НЖС-1 бойынша 229 мың текше метрден астам қар шығарылды, Семей өңірінде – 203 мыңнан астам, Қостанайда – 166 850, Ақтөбеде – 139 800, Павлодарда – 123 мың текше метр қар тазартылды. Қарағанды өңірінде қар әлдеқайда аз болды – мұнда 18 930 текше метр, Қызылордада – 4 750, Алматыда – 3 750, Жамбылда – 1 750 текше метр қар тазартылды.
Станциялық жолдар мен стрелкаларды қардан тазалау үшін қармен күрес кезеңінде магистральдық желіде 163 701 жұмысшы тартылды, олардың ішінде 1 001 – екінші кезектегі жұмысшылар. Күндіз – 81 864 адам, түнде – 81 837 адам жұмыс істеді.
10–12 наурыз аралығында Ақтөбе, Ақмола және Павлодар облыстарында автожолдардың жабылуына байланысты «ҚТЖ» ҰК» АҚ жеті пойызды пайдалана отырып, 390 жолаушыны тасымалдады. Қыс бойы пойыздармен автожолдардан шамамен екі мың жолаушы шығарылды. Қолайсыз ауа райы жағдайында теміржол көлігі ең сенімді және қауіпсіз қозғалыс құралдарының бірі болып қала береді.
Ұлттық тасымалдаушы жолаушылардың қауіпсіздігі мен жайлылығын қамтамасыз ету үшін қажетті шараларды қабылдауды жалғастыруда.
#снегоборьба #КТЖ #Непогода