Мекен жайы Астана қ., Қонаев көш., 6 үй, 7 қабат, блок А
Call-center 8 (7172) 60-30-30
8 (7172) 60-32-52
«E-Telegram» ақпараттық жүйесі
146 / 13.03.2026 00:00

«E-Telegram» ақпараттық жүйесі

 Ыңғайлы жұмыс үшін «Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ «Транстелеком» АҚ-мен бірлесіп телеграммалармен жедел алмасуға арналған «E-Telegram» ақпараттық жүйесін әзірледі. Бұл жүйе телеграммалармен алмасудың ресми құралы болып табылады және қағазсыз технологияға толыққанды көшуге мүмкіндік береді.

Жобаны іске асыру аясында «Транстелеком» АҚ аталған жүйені сүйемелдеу, дамыту және техникалық қолдау жұмыстарын жүзеге асырады. Қазіргі уақытта «E-Telegram» АЖ енгізіліп, өнеркәсіптік пайдалануға берілді.

Бұл сервис хабарламаларды алу үдерістерін жеделдетуге және жұмыс тиімділігін арттыруға мүмкіндік береді. «E-Telegram» ақпараттық жүйесі компанияның өндірістік үдерістерінде жедел өзара әрекеттесуді қамтамасыз ететін негізгі құрал болып табылады.

Бүгінгі таңда жүйеде 25 000-нан астам қызметкер тіркелген. 2026 жылдың қаңтарынан бастап «ҚТЖ-Жүк тасымалдары» ЖШС филиалдары жүйе арқылы жалпы көлемі шамамен 100 000 хабарламаның ішінде 10 000-нан астам қызметтік хабарлама жіберді. Бұл хабарламалар өндірістік маңызды ақпаратпен дер кезінде алмасу үшін қолданылады.

 

Поделиться:
Популярные новости
19 / 11.09.2026

Темір жол әкімшіліктерінің сарапшылар кеңесі

«ҚТЖ – Жүк тасымалы» ЖШС Тарифтік саясат департаменті қызметкерлерінің төрағал...

457 / 10.08.2026

«ҚТЖ – Жүк тасымалы» ЖШС-де темір жол жүк тасымалдары саласында «Заң және тәртіп» қағидатын іске асыру талқыланды

«ҚТЖ – Жүк тасымалы» ЖШС-де темір жол жүк тасымалдары саласында «Заң және тәртіп...

Соңғы жаңалықтар

Жедел желі

Сіз Мінез-құлық кодексінің кез келген бұзушылықтары туралы, оның ішінде сыбайлас жемқорлық, алаяқтық, әдепсіз мінез-құлық, кемсітушілік фактілері туралы хабарлай аласыз.

Толығырақ


Серіктестер