Пресс-релиз
Қазақстан Республикасының жаңа Конституциясы жобасы бойынша алдағы республикалық референдумға арналған ақпараттық-түсіндіру іс-шарасы «ҚТЖ – Жүк тасымалдары» ЖШС «Қостанай» филиалында ұйымдастырылды.
Жұмыс ГПФ-2 студиясында филиал директоры Саурбаев Қайрат Әбенұлының жетекшілігімен, құрылымдық бөлімшелер басшылары мен Қостанай агенттік пунктінің өкілдерінің қатысуымен өтті. Онлайн форматта ZOOM платформасы арқылы Есіл агенттік пунктінің қызметкерлері, сондай-ақ Арқалық, Тобыл, Майлин, Жезқазған станцияларының ұжымдары, Қостанай локомотив депосы ТЧЭ-20 және Есіл локомотив депосы ТЧЭ-23 қосылды.
Шақырылған спикерлер ретінде:
Ирина Петровна Аронова – «Қостанай облысының кәсіподақ орталығы» аумақтық кәсіподақтар бірлестігінің төрайымы, облыстық коалиция мүшесі;
Қалқаман Хасенұлы Жақып – А. Байтұрсынов атындағы ҚМУ профессоры, облыстық ҚХА ғылыми-сараптамалық тобының және облыстық коалицияның мүшесі сөз сөйледі.
Кездесу барысында сарапшылар жаңартылған Конституция жобасының негізгі бағыттарын егжей-тегжейлі түсіндіріп, әділеттілік қағидаттарын нығайтуға, азаматтардың құқықтарын қорғау кепілдіктерін күшейтуге, мемлекеттік басқарудың ашықтығын арттыруға және қоғамдық қатысу тетіктерін кеңейтуге баса назар аударды.
Филиал қызметкерлері белсенді диалогқа қосылып, ұсынылған конституциялық өзгерістер көлік-логистика саласының одан әрі дамуына, өндірістік процестердің тиімділігін арттыруға және еңбек жағдайларын жақсартуға тұрақты құқықтық негіз қалыптастыратынын атап өтті. Қатысушылар алдағы референдумның сала үшін және компанияның ұзақ мерзімді жобаларын іске асыру үшін стратегиялық маңызы бар екенін ерекше атап өтті.