Пресс-релиз
**Астана қаласы** Л.Н. Гумилев атындағы Еураз�...
Жаңа жыл қарсаңында «ҚТЖ–Жүк тасымалы» ЖШС басшылығы қайырымдылық акциясын ұйымдастырып, ерекше қажеттіліктері бар балаларға сыйлықтар табыстады. Бұл бастаманың басты мақсаты – отбасыларды қолдау және қамқорлық пен мейірімге ерекше мұқтаж балаларға мерекелік көңіл күй сыйлау.
Акция «құпия конверт» форматында жүзеге асырылды: алдын ала балалардың жеке тілектері жиналып, әр балаға өзі армандаған сыйлық арнайы дайындалды. Мұндай тәсіл құттықтауды барынша жеке әрі шынайы жылулыққа толы етуге мүмкіндік берді.
«ҚТЖ–Жүк тасымалы» ЖШС басшылығы әлеуметтік жобаларға қатысу компанияның корпоративтік мәдениетінің маңызды бөлігі екенін атап өтті. Ерекше назарды қажет ететін балалар мен отбасыларды қолдау – қайырымдылық қызметтің басым бағыттарының бірі.
Компания алдағы уақытта да әлеуметтік бастамаларды жалғастырып, қоғамға көмек көрсетуге және өзара қолдау құндылықтарын нығайтуға бағытталған жобаларды дамытуды жоспарлап отыр.
Көкшетау станциясында локомотивтерге техникалық қызмет көрсету цехын, әкімшілі...