Мекен жайы Астана қ., Қонаев көш., 6 үй, 7 қабат, блок А
Call-center 8 (7172) 60-30-30
8 (7172) 60-32-52
ҚТЖ локомотив бригадаларына арналған 13 демалыс үйін жаңартты
317 / 25.12.2025 15:19

ҚТЖ локомотив бригадаларына арналған 13 демалыс үйін жаңартты

2025 жылы «ҚТЖ – Жүк тасымалы» ЖШС әлеуметтік бағдарламасы аясында 15 нысанда күрделі жөндеу жұмыстары жүргізіліп, пайдалануға берілді. Атап айтқанда, Арқа, Есіл, Отар, Бейнеу, Матай, Атбасар, Достық, Ганюшкино, Қызылжар, Ағадыр, Сағыз, Орал және Мойынты станцияларында орналасқан локомотив бригадаларына арналған 13 демалыс үйінде жөндеу жұмыстары атқарылды.

Сонымен қатар, Астана станциясындағы локомотивтерге техникалық қызмет көрсету пунктінің (ПТОЛ) және Есіл станциясындағы депо кеңсесінің ғимаратының күрделі жөндеуі толық аяқталды.

«ҚТЖ – Жүк тасымалы» ЖШС тарихында алғаш рет Қарағанды-Сұрыптау станциясында локомотивтерге техникалық қызмет көрсетуге арналған заманауи технологиялық ғимараттың құрылысы жүргізілуде. Бұл жаңа нысан өндірістік инфрақұрылымның маңызды элементіне айналып, локомотив паркіне техникалық қызмет көрсету тиімділігін арттыруға және Қазақстан өңірлері арасындағы тұрақты байланысты қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.

Сонымен бірге, Тобыл станциясындағы тепловоз депосының ғимараттарында, ТО-2 және ТО-3 цехтарында, сондай-ақ Көкшетау станциясындағы қызметтік-тұрмыстық ғимараттарда (әкімшілік-тұрмыстық корпус және локомотив бригадаларының демалыс үйі) күрделі жөндеу жұмыстары жалғасуда.

2025 жылға арналған бюджет аясында 18 ғимарат пен құрылыс нысанында ағымдағы күрделі жөндеу жұмыстары орындалды. 2026 жылға арналған күрделі салымдар жоспарына сәйкес 34 нысанда күрделі жөндеу, ал 26 нысанда ағымдағы жөндеу жүргізу көзделген.

Аталған жобаларды іске асыру санитарлық-тұрмыстық және өндірістік жағдайларды айтарлықтай жақсартуға, еңбекті қорғау деңгейін арттыруға, қолайлы жұмыс ортасын қалыптастыруға, сондай-ақ тасымалдау үдерісінің тиімділігі мен сенімділігін арттыруға мүмкіндік береді.

Поделиться:
Популярные новости
5 / 16.07.2026

ПРЕСС-РЕЛИЗ

«ҚТЖ – Жүк тасымалы» ЖШС-де Қазақстан Республикасының жаңа Конституциясының не�...

277 / 05.06.2026

Жеңіске темір ерік: "ҚТЖ – Жүк тасымалы" командасы алтынға ие болды және спартакиадаға дайындалуда

Жеңіске темір ерік: "ҚТЖ – Жүк тасымалы" командасы алтынға ие болды және спартаки...

62 / 04.06.2026

Пресс-релиз

2026 жылғы 4 маусым Астана қ. ҚТЖ ТЭ33А тепловоздар паркінің 92%-дан астамын Trip Optimizer ж�...

Соңғы жаңалықтар

Жедел желі

Сіз Мінез-құлық кодексінің кез келген бұзушылықтары туралы, оның ішінде сыбайлас жемқорлық, алаяқтық, әдепсіз мінез-құлық, кемсітушілік фактілері туралы хабарлай аласыз.

Толығырақ


Серіктестер