Мекен жайы Астана қ., Қонаев көш., 6 үй, 7 қабат, блок А
Call-center 8 (7172) 60-30-30
8 (7172) 60-32-52
2025 жылдың 11 айының қорытындысы бойынша «ҚТЖ» ҰК» АҚ желісі бойынша жүк тасымалының жалпы көлемі 287,9 миллион тоннаны құрады, бұл 2024 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 4%-ға жоғары
233 / 18.12.2025 16:15

2025 жылдың 11 айының қорытындысы бойынша «ҚТЖ» ҰК» АҚ желісі бойынша жүк тасымалының жалпы көлемі 287,9 миллион тоннаны құрады, бұл 2024 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 4%-ға жоғары

«Қазақстан темір жолы» ұлттық компаниясының баспасөз қызметінің хабарлауынша, экспорттық тасымал көлемі 80,2 миллион тоннаға жетіп, өткен жылмен салыстырғанда 6,5%-ға артқан. Ішкі республика бойынша тасымал көлемі 161,4 миллион тоннаны құрап, 2,5%-ға өскен.

Көмір тасымалының көлемі 95,7 миллион тоннаны құрады, бұл өткен жыл деңгейінен 3,3%-ға артық. Экспортқа бағытталған көмір тасымалы 8%-ға өсіп, 31,2 миллион тоннаға жетті.

Тыңайтқыштар тасымалы 10,3%-ға артып, 1,3 миллион тоннаны құрады. Астық тасымалының көлемі 36%-ға өсіп, 9,7 миллион тоннаға жетті. Орталық Азия елдеріне 5,6 миллион тонна астық тасымалданып, өсім 32%-ды құрады. Иран бағыты бойынша астық тасымалы екі есеге артып, 800 мың тоннаға жетті.

Астықты өңдеу өнімдері мен құрама жем тасымалы 4,2 миллион тоннаны құрады, бұл өткен жылмен салыстырғанда 57%-ға жоғары. Қытай Халық Республикасына жөнелтілген құрама жем көлемі 2,9 миллион тоннаға жетіп, төрт есеге артты.

2025 жылдың 11 айында пайдалану жүк айналымы 264,7 миллиард тонна-километр неттоны құрады, бұл 2024 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 7,4%-ға артық.

Поделиться:
Популярные новости
10 / 16.07.2026

ПРЕСС-РЕЛИЗ

«ҚТЖ – Жүк тасымалы» ЖШС-де Қазақстан Республикасының жаңа Конституциясының не�...

278 / 05.06.2026

Жеңіске темір ерік: "ҚТЖ – Жүк тасымалы" командасы алтынға ие болды және спартакиадаға дайындалуда

Жеңіске темір ерік: "ҚТЖ – Жүк тасымалы" командасы алтынға ие болды және спартаки...

63 / 04.06.2026

Пресс-релиз

2026 жылғы 4 маусым Астана қ. ҚТЖ ТЭ33А тепловоздар паркінің 92%-дан астамын Trip Optimizer ж�...

Соңғы жаңалықтар

Жедел желі

Сіз Мінез-құлық кодексінің кез келген бұзушылықтары туралы, оның ішінде сыбайлас жемқорлық, алаяқтық, әдепсіз мінез-құлық, кемсітушілік фактілері туралы хабарлай аласыз.

Толығырақ


Серіктестер