Мекен жайы Астана қ., Қонаев көш., 6 үй, 7 қабат, блок А
Call-center 8 (7172) 60-30-30
8 (7172) 60-32-52
ҚТЖ-да Alstom компаниясының қатысуымен жыл сайынғы техникалық семинар өтті
190 / 10.12.2025 15:13

ҚТЖ-да Alstom компаниясының қатысуымен жыл сайынғы техникалық семинар өтті

ҚТЖ алаңында «ҚТЖ-Жүк тасымалы» ЖШС, «ҚТЖ-Пассажирлік локомотивтер» ЖШС және KZ8A, KZ4AT сериялы электровоздардың өндірушісі Alstom компаниясының қатысуымен жыл сайынғы техникалық семинар өтті.

«Alstom компаниясымен біздің бірлескен тарихымызға 11 жылдан асты. Осы уақыт ішінде өзара сенімге, кәсіби әріптестікке және тұрақты жұмыс процестеріне негізделген серіктестік қалыптастырдық. Alstom-пен ынтымақтастықтың арқасында біз өңірдегі ең сенімді локомотив паркінің бірін құра алдық», — деді «ҚТЖ–Жүк тасымалы» ЖШС бас директоры Асан Умбетов.

Семинар барысында техникалық мәселелермен қатар, локомотивтерді жүйелі пайдалануды жетілдіру, сенімділікті арттыру, қызмет көрсету процестерін оңтайландыру және ұзақмерзімді дамуға бағытталған жаңа шешімдерді іздеу мәселелері талқыланды.

ҚТЖ пайдалануындағы KZ8A сериялы 180 электровоз тұрақты жұмыс істейді. Отандық өндіруші — «ЭКЗ» ЖШС тарапынан көрсетілетін жедел қолдау мен жоғары деңгейдегі сервистік қызметтің арқасында локомотив паркінің сенімділік көрсеткіші 96% деңгейінде сақталып отыр. Бұл белгіленген жоспар — 95–97% аралығына толық сәйкес келеді және техниканың жоғары сапасын дәлелдейді.

Жыл сайынғы семинар тәжірибе алмасуға, серіктестік байланыстарды нығайтуға және Қазақстан темір жол көлігінде локомотивтерді пайдаланудың тиімділігін арттыруға бағытталған маңызды алаңға айналды.

Поделиться:
Популярные новости
25 / 11.09.2026

Темір жол әкімшіліктерінің сарапшылар кеңесі

«ҚТЖ – Жүк тасымалы» ЖШС Тарифтік саясат департаменті қызметкерлерінің төрағал...

460 / 10.08.2026

«ҚТЖ – Жүк тасымалы» ЖШС-де темір жол жүк тасымалдары саласында «Заң және тәртіп» қағидатын іске асыру талқыланды

«ҚТЖ – Жүк тасымалы» ЖШС-де темір жол жүк тасымалдары саласында «Заң және тәртіп...

Соңғы жаңалықтар

Жедел желі

Сіз Мінез-құлық кодексінің кез келген бұзушылықтары туралы, оның ішінде сыбайлас жемқорлық, алаяқтық, әдепсіз мінез-құлық, кемсітушілік фактілері туралы хабарлай аласыз.

Толығырақ


Серіктестер