Мекен жайы Астана қ., Қонаев көш., 6 үй, 7 қабат, блок А
Call-center 8 (7172) 60-30-30
8 (7172) 60-32-52
204 / 10.12.2025 15:09

WorldSkills Kazakhstan 2025: «Локомотивті басқару» құзыреттілігі бойынша жеңімпаздар анықталды

«Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ базасында WorldSkills Kazakhstan 2025 X Республикалық кәсіби шеберлік чемпионаты аясында алғаш рет өткен «Локомотивті басқару» құзыреттілігі бойынша конкурс өз мәресіне жетті. Байқауға еліміздің барлық өңірлерінен 13 колледждің 26 студенті қатысты.

???? Бірінші орын

Жеңімпаз атанған командалар:

  • ГККП «Ақтөбе көлік, байланыс және жаңа технологиялар колледжі»

  • КГКП «Қарағанды теміржол колледжі»

Жеңімпаздарға «ҚТЖ» ҰК» АҚ–ның Теміржол көлігі персоналын бағалау және дамыту орталығы базасында машинист кабинасының тренажёр-симуляторында тегін тәжірибелік оқудан өту сертификаттары табысталды.

???? Екінші орын

Бұл орынға ие болғандар:

  • ГКП на ПХВ «Көлік және коммуникация жоғары колледжі», Астана қ.

  • ТОО «ALT Актау көлік колледжі (М. Тынышпаев атындағы)»

???? Үшінші орын

Призер болған командалар:

  • КГП на ПХВ «Электроника және коммуникациялар жоғары колледжі», Павлодар қ.

  • КГКП «Бәйкен Әшімов атындағы Петропавл машина жасау және көлік колледжі»

Жүлделі орын алған студенттерге бағалы сыйлықтар табысталды.

???? Арнайы жүлде

Қатысушылар арасындағы жалғыз қыз студент — Атырау аграрлық-техникалық колледжінің (Унайбай Көшеков атындағы) 3-курс білім алушысы Дария Нұрланқызы, «Теміржол көлігінде тасымалдауды ұйымдастыру және қозғалысты басқару» мамандығы бойынша оқиды. Ол Қазақстан әйел теміржолшылар қауымдастығының арнайы сыйлығына ие болды.

Чемпионаттың ұйымдастырушысы — «Talap» КЕАҚ, Қазақстанның халықаралық WorldSkills қауымдастығындағы ресми өкілі. Чемпионат аясында 45 құзыреттілік бойынша жарыстар өтті, олар негізгі жұмысшы мамандықтарын және техникалық даярлық бағыттарын қамтиды.

WorldSkills Kazakhstan миссиясы — жұмысшы мамандықтарының беделін арттыру және жастардың кәсіби дағдыларын дамыту.

«Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ баспасөз қызметі

Поделиться:
Популярные новости
1 / 16.07.2026

ПРЕСС-РЕЛИЗ

«ҚТЖ – Жүк тасымалы» ЖШС-де Қазақстан Республикасының жаңа Конституциясының не�...

277 / 05.06.2026

Жеңіске темір ерік: "ҚТЖ – Жүк тасымалы" командасы алтынға ие болды және спартакиадаға дайындалуда

Жеңіске темір ерік: "ҚТЖ – Жүк тасымалы" командасы алтынға ие болды және спартаки...

62 / 04.06.2026

Пресс-релиз

2026 жылғы 4 маусым Астана қ. ҚТЖ ТЭ33А тепловоздар паркінің 92%-дан астамын Trip Optimizer ж�...

Соңғы жаңалықтар

Жедел желі

Сіз Мінез-құлық кодексінің кез келген бұзушылықтары туралы, оның ішінде сыбайлас жемқорлық, алаяқтық, әдепсіз мінез-құлық, кемсітушілік фактілері туралы хабарлай аласыз.

Толығырақ


Серіктестер