Мекен жайы Астана қ., Қонаев көш., 6 үй, 7 қабат, блок А
Call-center 8 (7172) 60-30-30
8 (7172) 60-32-52
Журналистерге астық экспортының логистикасы көрсетіліп, Өзбекстан шекарасындағы кептелістің себептері түсіндірілді
302 / 04.12.2025 21:52

Журналистерге астық экспортының логистикасы көрсетіліп, Өзбекстан шекарасындағы кептелістің себептері түсіндірілді

Шымкент қаласында қазақстандық астықты экспортқа тасымалдау мәселелеріне арналған баспасөз туры өтті. Іс-шара барысында журналистерге астықтың Өзбекстан шекарасына дейінгі логистикалық маршруты таныстырылды.

Журналистер Шенгелді, Жылға, Дарбаза және Сарыағаш станцияларында болып, онда жиналып қалған вагондар легін көрді.

Шенгелді станциясында 14 қабылдау-жөнелту жолында 300 вагон тұр, бұл пойыздардың қозғалысына айтарлықтай кедергі келтіреді.
Келесі Жылға станциясында250 вагон жиналған.

Дарбаза станциясындағы жағдай да күрделі: мұнда 200 вагон көршілес теміржол әкімшілігіне өткізу кезегінде тұр, бұл маневрлік жұмыстарды қиындатады.

Жалпы осы бағытта 11 мыңнан астам вагон бар, олардың кейбірі 5–6 тәулікке дейін қозғалыссыз тұр. Зерновой жүктердің жиналуы 5 мың вагоннан асып түседі. Теміржолшылардың айтуынша, пойыздардың қазіргі қабылдау қарқынында бұл көлем желінің екі–үш аптаға жұмысын қамтамасыз етеді.

Кептелістің негізгі себебі — Сарыағаш станциясы бағытында өзбек темір жолдарының пойыздарды уақытылы қабылдамауы. Бұл пойыздардың қозғалыс кестесін бұзып, вагон кезегінің ұлғаюына әкеледі. Осыған байланысты ҚТЖ Орталық Азия елдеріне ауылшаруашылық өнімдерінің экспорт көлемін шектеуге мәжбүр. Жағдайды жақсарту үшін ҚТЖ өзбек тарабына пойыздарды кіргізу мақсатында локомотивтер бөледі.

Пресс-турға қатысушыларға Сарыағаш станциясының жүктерді жедел өңдеуге бағытталған технологиялық мүмкіндіктері көрсетілді.

«Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ логистикалық процестерді оңтайландырып, ел ішіндегі және экспорттық бағыттардағы жүк ағымының тұрақтылығын қамтамасыз ету бойынша жұмыстарды жалғастыруда.

Пресс-қызметі
«Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ

Поделиться:
Популярные новости
13 / 11.09.2026

Темір жол әкімшіліктерінің сарапшылар кеңесі

«ҚТЖ – Жүк тасымалы» ЖШС Тарифтік саясат департаменті қызметкерлерінің төрағал...

451 / 10.08.2026

«ҚТЖ – Жүк тасымалы» ЖШС-де темір жол жүк тасымалдары саласында «Заң және тәртіп» қағидатын іске асыру талқыланды

«ҚТЖ – Жүк тасымалы» ЖШС-де темір жол жүк тасымалдары саласында «Заң және тәртіп...

Соңғы жаңалықтар

Жедел желі

Сіз Мінез-құлық кодексінің кез келген бұзушылықтары туралы, оның ішінде сыбайлас жемқорлық, алаяқтық, әдепсіз мінез-құлық, кемсітушілік фактілері туралы хабарлай аласыз.

Толығырақ


Серіктестер