Мекен жайы Астана қ., Қонаев көш., 6 үй, 7 қабат, блок А
Call-center 8 (7172) 60-30-30
8 (7172) 60-32-52
Халықаралық семинарға қазақстандық делегацияның қатысуы
102 / 19.11.2025 22:26

Халықаралық семинарға қазақстандық делегацияның қатысуы

«Бір белдеу – бір жол. Еңбек ұжымымен үйлесімді қарым-қатынас»

Өңір елдерінің теміржол кәсіпорындары арасындағы ынтымақтастықты нығайту және тәжірибе алмасу мақсатында Қытай Халық Республикасының Үрімжі темір жолы ұйымдастырған «Танысу. Бір белдеу – бір жол. Еңбек ұжымымен үйлесімді қарым-қатынас» семинарына Қазақстан өкілдері қатысты.

Синьцзян өлкесіндегі Үрімжі қаласына жасалған оқу-танымдық сапар аясында келесі мамандар шақырылды:

  • кәсіподақ комитетінің төрағасы — Қарабалайев Талғат Таниевич;

  • «Алтынкөл» станциясының пойыз құрастырушысы — Лемисов Бауыржан;

  • «Достық» станциясының пойыз құрастырушысы — Қасымов Біржан;

  • «Достық» станциясының пойыз құрастырушысы — Стахан Жанат.

Сапар барысында делегация Үрімжі темір жолының инфрақұрылымымен жан-жақты танысты. Қатысушылар локомотив және вагон деполарына барып, Қытай темір жол желісінде қолданылатын заманауи технологиялық процестерді, қауіпсіздік стандарттарын және еңбекті ұйымдастыру ерекшеліктерін зерделеді.

Еңбек қатынастарын үйлестіру, қызметкерлердің кәсіби құзыреттерін арттыру және озық тәжірибемен алмасу мәселелеріне айрықша назар аударылды. Семинар жоғары деңгейде ұйымдастырылып, «Бір белдеу – бір жол» халықаралық бастамасы шеңберінде әріптестікті және өзара түсіністікті нығайтудың маңызды алаңына айналды.

Іскерлік бағдарламамен қатар, қатысушылар Үрімжі қаласының тарихы мен мәдениетімен танысып, еңбек ұжымының өкілдерімен және өңірдің мәдени қайраткерлерімен кездесті.

«Достық» және «Алтынкөл» станцияларының қызметкерлері оқудан өтуге, кәсіби білімін кеңейтуге және шетелдік әріптестермен тәжірибе алмасуға мүмкіндік бергені үшін «Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ басшылығына шынайы алғыс білдірді.

Поделиться:
Популярные новости
11 / 16.07.2026

ПРЕСС-РЕЛИЗ

«ҚТЖ – Жүк тасымалы» ЖШС-де Қазақстан Республикасының жаңа Конституциясының не�...

279 / 05.06.2026

Жеңіске темір ерік: "ҚТЖ – Жүк тасымалы" командасы алтынға ие болды және спартакиадаға дайындалуда

Жеңіске темір ерік: "ҚТЖ – Жүк тасымалы" командасы алтынға ие болды және спартаки...

66 / 04.06.2026

Пресс-релиз

2026 жылғы 4 маусым Астана қ. ҚТЖ ТЭ33А тепловоздар паркінің 92%-дан астамын Trip Optimizer ж�...

Соңғы жаңалықтар

Жедел желі

Сіз Мінез-құлық кодексінің кез келген бұзушылықтары туралы, оның ішінде сыбайлас жемқорлық, алаяқтық, әдепсіз мінез-құлық, кемсітушілік фактілері туралы хабарлай аласыз.

Толығырақ


Серіктестер