Мекен жайы Астана қ., Қонаев көш., 6 үй, 7 қабат, блок А
Call-center 8 (7172) 60-30-30
8 (7172) 60-32-52
228 / 02.12.2025 22:24

Құрметті еңбек ардагерін зейнетке салтанатты шығарып салу

Бүгін «ҚТЖ-Жүк тасымалы» ЖШС ұжымында теміржол саласында көп жыл еңбек еткен құрметті әріптесіміз — Мусина Айгүл Есмұханқызына арналған зейнетке шығарып салу салтанаты өтті.

Айгүл Есмұханқызы – жоғары білікті маман, кәсіби және адами қасиеттері мол жан. Оның жалпы еңбек өтілі 46 жыл, соның ішінде 26 жылдан астамы теміржол саласына арналды.

Қызмет барысында Айгүл Есмұханқызы өз ісіне адал, жауапты әрі білікті қызметкер ретінде танылды. Көп жылғы еңбегі лайықты бағаланып, төмендегі марапаттарға ие болды:

  • «Үздік маман» атағы (2011 ж.);

  • «Адал еңбегі үшін» кеудетөс белгісі (2020 ж.);

  • салалық ең жоғары марапат — «Құрметті теміржолшы» кеудетөс белгісі (2023 ж.).

Компания басшылығы мен ұжымы Айгүл Есмұханқызына сіңірген еңбегі, кәсіби шеберлігі, жауапкершілігі және компанияның дамуына қосқан үлесі үшін шынайы ризашылық білдіреді. Зейнет жасыңыз берекелі болып, әр күніңіз қуанышқа толы болсын!

Поделиться:
Популярные новости
26 / 11.09.2026

Темір жол әкімшіліктерінің сарапшылар кеңесі

«ҚТЖ – Жүк тасымалы» ЖШС Тарифтік саясат департаменті қызметкерлерінің төрағал...

471 / 10.08.2026

«ҚТЖ – Жүк тасымалы» ЖШС-де темір жол жүк тасымалдары саласында «Заң және тәртіп» қағидатын іске асыру талқыланды

«ҚТЖ – Жүк тасымалы» ЖШС-де темір жол жүк тасымалдары саласында «Заң және тәртіп...

Соңғы жаңалықтар

Жедел желі

Сіз Мінез-құлық кодексінің кез келген бұзушылықтары туралы, оның ішінде сыбайлас жемқорлық, алаяқтық, әдепсіз мінез-құлық, кемсітушілік фактілері туралы хабарлай аласыз.

Толығырақ


Серіктестер