Темір жол әкімшіліктерінің сарапшылар кеңесі
«ҚТЖ – Жүк тасымалы» ЖШС Тарифтік саясат д...
Қазақстан Республикасы Үкіметімен жасалған инвестициялық келісім аясында Alstom компаниясы Шу қаласындағы сервистік орталықта дөңгелек–токарлық станокты іске қосу-реттеу жұмыстарын сәтті аяқтады.
Жабдық 2024 жылдың соңында Шу қаласына жеткізіліп, 2025 жылдың наурызында монтажы аяқталды. Іске қосу-реттеу және персоналды оқыту 2025 жылдың қазанында табысты аяқталды.
Осы заманға сай жабдықты орнату дөңгелек жұптарын өңдеу кезінде тұрып қалу уақытын кемінде 50% қысқарту есебінен ҚТЖ-ның пайдалану паркінде локомотивтердің қолжетімділігін едәуір арттыруға мүмкіндік береді.
Бұл — Қазақстанның теміржол саласын дамытуға Alstom компаниясының маңызды үлесі. Жаңа жабдық техниканы халықаралық стандарттарға сай сапалы әрі уақытылы сервистік қызметпен қамтамасыз етіп, бүкіл желі бойынша пойыздардың үздіксіз қозғалуына ықпал етеді.
«ҚТЖ – Жүк тасымалы» ЖШС Тарифтік саясат департаменті қызметкерлерінің төрағал...
«ҚТЖ – Жүк тасымалы» ЖШС-де темір жол жүк тасымалдары саласында «Заң және тәртіп...