ПРЕСС-РЕЛИЗ
«ҚТЖ – Жүк тасымалы» ЖШС-де Қазақстан Респу...
2024–2025 жж. жылыту маусымы кезеңінде (мамырдан 13 қарашаға дейін) ҚТЖ желісі бойынша шамамен 38,3 млн тонна көмір жеткізілді, бұл өткен жылдың сәйкес кезеңінен 1,3 млн тоннаға немесе +4%-ға артық. Елдегі жылу электр орталықтарының (ЖЭО) қажеттіліктеріне 34,6 млн тонна көмір тасымалданды (+1,9 млн тонна, немесе +6%), коммуналдық-тұрмыстық секторға 3,7 млн тонна отын жөнелтілді. Жергілікті атқарушы органдардың деректері бойынша, көмір операторларының қоймаларында коммуналдық-тұрмыстық көмір қоры шамамен 432 мың тонна көлемінде қалыптастырылған.
Энергетикалық және коммуналдық-тұрмыстық көмірдің барлық тасымалдары толық көлемде орындалуда. ҚТЖ жеткілікті вагон паркін қамтамасыз етіп, қатты отынды тиеу процесін тұрақты бақылауда ұстайды.
Жеткізілімдер жоспарлы тәртіпте жүзеге асырылуда, көмір тапшылығы жоқ, кезек пен дүрлігу байқалмайды. Барлық санаттағы тұтынушылар отынмен дер кезінде қамтамасыз етілуде.
Өскемен қаласындағы көмірдің жалпы қоры 11 150 тонна, оның ішінде: «Сейком» ЖШС кірме жолдарында — 6 300 тонна, «ТКТ» ЖШС кірме жолдарында — 1 500 тонна. Қалаға жеткізілімдер тұрақты түрде жалғасуда, бұл қор деңгейін тұрақты ұстауға мүмкіндік береді.
«Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ барлық санаттағы тұтынушылар үшін көмірді тұрақты әрі үздіксіз жеткізуді қамтамасыз етуді жалғастырады. Компания, әсіресе күз-қыс маусымында, көмір операторлары мен жүк жөнелтушілерді тасымалдауға өтінімдерді уақтылы беруге шақырады.
«Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ баспасөз қызметі
Жеңіске темір ерік: "ҚТЖ – Жүк тасымалы" командасы алтынға ие болды және спартаки...
2026 жылғы 4 маусым Астана қ. ҚТЖ ТЭ33А тепловоздар паркінің 92%-дан астамын Trip Optimizer ж�...