ПРЕСС-РЕЛИЗ
«ҚТЖ – Жүк тасымалы» ЖШС-де Қазақстан Респу...
Қарағанды жүк тасымалы бөлімшесінің Қарағанды-Сұрыптау станциясында қозғалыс қауіпсіздігі, технологиялық үдерісті сақтау және еңбекті қорғау мәселелеріне арналған түйіндік кеңес өтті, деп хабарлайды Rail-news.kz.
Іс-шараға «ҚТЖ – Жүк тасымалы» ЖШС филиалы – «Қарағанды жүк тасымалы бөлімшесінің» директоры Марат Ибраев, «ҚТЖ» ҰК» АҚ филиалы – «Қарағанды магистральдық желі бөлімшесінің» директоры Төлеубай Кенжебеков және Қарағанды учаскесі бойынша Қозғалыс қауіпсіздігі департаментінің бас ревизоры Болатбек Әлмұрзаев қатысты.
Болатбек Әлмұрзаев атап өткендей, кеңестің басым бағыты – пойыз қозғалысының қауіпсіздігін, жүктің сақталуын және теміржолдың техникалық жай-күйін қамтамасыз ету. Бұл үдеріс техникалық құралдардың сенімді жұмысын, пойыз қозғалысын дұрыс ұйымдастыруды, сондай-ақ қызметкерлер мен жолаушылар тарапынан ережелердің сақталуын қамтиды. Сонымен қатар түйіндік кеңесте еңбекті қорғау және техника қауіпсіздігіне қатысты еңбек жағдайлары, тәуекелдерді талдау, өндірістік жарақаттың және кәсіби аурулардың алдын алу, жарақаттану жағдайларын талдау, себептерін анықтау және түзету шараларын әзірлеу мәселелері қаралды.
Спикерлердің айтуынша, түйіндік кеңестің мақсаты – апатсыз жұмысты қамтамасыз ету, қызметкерлердің тәртібі мен жауапкершілігін арттыру, сондай-ақ Қарағанды жүк тасымалы бөлімшесі мен магистральдық желі бөлімшесінде қауіпсіздік көрсеткіштерін жалпы жақсарту.
Осылайша, бүгінгі таңда теміржолдағы қауіпсіздік – жай ғана үрдіс емес, ол негізгі мақсат – көліктегі тәуекелдерді барынша азайту үшін технологиялық инновациялар, ережелерді қатаң сақтау және қауіпсіздікке деген көзқарасты өзгерту біріктірілген жүйелі тәсіл болып табылады.
Жеңіске темір ерік: "ҚТЖ – Жүк тасымалы" командасы алтынға ие болды және спартаки...
2026 жылғы 4 маусым Астана қ. ҚТЖ ТЭ33А тепловоздар паркінің 92%-дан астамын Trip Optimizer ж�...