Пресс-релиз
**Астана қаласы** Л.Н. Гумилев атындағы Еураз�...
Кезекті қысқы маусым қарсаңында «ҚТЖ – Жүк тасымалы» ЖШС филиалы – «Қостанай бөлімшесінің» кәсіпорындарына, станцияларына және еңбек ұжымдарына суық түскенде аса қажет болатын қысқы арнайы киім, арнайы аяқ киім және жеке қорғаныс құралдарын жеткізу ісі іс жүзінде аяқталды, деп хабарлайды Rail-news.kz.
Қостанай бөлімшесінің еңбекті қорғау бөлімінің басшысы Даулет Тайкешовтің айтуынша, бөлімшеге қысқы киім жиынтықтары келіп түсті: төмен температурадан қорғайтын жылытылған костюмдер, құлақшын бөріктер, былғары етіктер, мех қолғаптар және пима. Жеке қорғаныс құралдарының қатарында: респираторлар, диэлектрлік қолғаптар, қорғаныш көзілдіріктері, каскалар, құлаққаптар, резеңке қолғаптар, ылғалдан қорғайтын алжапқыштар және сақтандырғыш белдіктер бар.
Сондай-ақ қостанайлық теміржолшылар тұрмыстық заттармен қамтамасыз етілуде: кір жуғыш машиналар, микротолқынды пештер, кереуеттер, медициналық қобдишалар, электршайнектер, су қыздырғыштар және жұмыс құралдары. Бұл ресурстар қажеттілігіне қарай өңір станциялары мен кәсіпорындарына таратылып, вагон шаруашылығы қызметкерлері мен жолшыларды жұмысқа қажетті жабдықтармен қамтып отыр.
«Арнайы киім, арнайы аяқ киім және басқа қамтамасыз ету құралдары келіп түскен сайын арнайы құрылған жұмыс комиссиясы жеткізілетін бұйымдардың сапасы мен санын тұрақты түрде тексереді, – дейді Даулет Тайкешов. – Қызметкерлеріміз тек сапалы жабдық пен киім алуы үшін барлық шараларды қабылдаймыз. Бөлімшеде қолайлы еңбек жағдайларын жасауға қажетті дүниенің бәрі жасалуда. Мұндай мәселелер тұрақты бақылауда. Сонымен қатар біз теміржолшылармен кездесулер өткізіп, олардың мұң-мұқтажын тыңдаймыз және барлық өтініштерге жедел әрекет етуге тырысамыз».
Даулет Тайкешовтің айтуынша, өңірдегі станциялардың басым бөлігінде жылыту жүйесі іске қосылған. Жаз айларында жағдайға байланысты ағымдағы жөндеу жұмыстары жүргізіліп, ескірген жабдықтың бір бөлігі ауыстырылды. Жылу және су құбырлары, душ бөлмелеріндегі араластырғыштар, линолеум, кәріз құбырлары, электр сымдары, шамдар, тарату жәшіктері мен розеткалар жаңартылды. Радиаторларды жуып-шайып, сырлау жұмыстары орындалды.
Бұдан бөлек, қыс қарсаңында Қостанай бөлімшесінде алғашқы рет қысқы маусымда жұмыс істейтін қызметкерлерді даярлау бойынша жоспарлы жұмыс жүргізіліп жатыр.
2026 жылдың басынан бастап ҚТЖ локомотив паркі 72 Жаңа тарту техникасымен толықтыр�...