Мекен жайы Астана қ., Қонаев көш., 6 үй, 7 қабат, блок А
Call-center 8 (7172) 60-30-30
8 (7172) 60-32-52
Шымкентте пайдалану локомотив деполары басшыларының оқуы басталды
253 / 30.10.2025 11:31

Шымкентте пайдалану локомотив деполары басшыларының оқуы басталды

Шымкент қаласында «ҚТЖ-Жүк тасымалы» ЖШС-нің пайдалану локомотив деполары үшін өндіріс жөніндегі басшының орынбасарлары мен өндірістік-техникалық бөлімдердің бастықтарына арналған оқу басталды.

Іс-шараға елдің түрлі өңірлерінен келген сызықтық деңгейдегі 52 қызметкер қатысуда. Оқу Мемлекет басшысы жариялаған Жұмысшы мамандықтар жылы аясында өткізіліп, теміржол саласының басқарушы құрамының біліктілігін арттыруға бағытталған.

Бағдарлама тақырыптары:

  • авторлық қадағалау;

  • техникалық қадағалау;

  • жобалық-сметалық құжаттаманы әзірлеу.

Оқу барысында қатысушылар жобалық және өндірістік үдерістерге қадағалауды ұйымдастырудың заманауи тәсілдерін меңгереді, локомотив паркін пайдаланудың тиімділігін арттыруға, орындалатын жұмыстардың сапасын жақсартуға және нормативтік талаптарды сақтауға бағытталған практикалық кейстерді талдайды.

Поделиться:
Популярные новости
24 / 11.09.2026

Темір жол әкімшіліктерінің сарапшылар кеңесі

«ҚТЖ – Жүк тасымалы» ЖШС Тарифтік саясат департаменті қызметкерлерінің төрағал...

459 / 10.08.2026

«ҚТЖ – Жүк тасымалы» ЖШС-де темір жол жүк тасымалдары саласында «Заң және тәртіп» қағидатын іске асыру талқыланды

«ҚТЖ – Жүк тасымалы» ЖШС-де темір жол жүк тасымалдары саласында «Заң және тәртіп...

Соңғы жаңалықтар

Жедел желі

Сіз Мінез-құлық кодексінің кез келген бұзушылықтары туралы, оның ішінде сыбайлас жемқорлық, алаяқтық, әдепсіз мінез-құлық, кемсітушілік фактілері туралы хабарлай аласыз.

Толығырақ


Серіктестер