Мекен жайы Астана қ., Қонаев көш., 6 үй, 7 қабат, блок А
Call-center 8 (7172) 60-30-30
8 (7172) 60-32-52
Сердюков Василий Антонович Ұлы Отан соғысының ардагері 21.11.1926 – 28.10.2025
246 / 29.10.2025 16:07

Сердюков Василий Антонович Ұлы Отан соғысының ардагері 21.11.1926 – 28.10.2025

Сердюков Василий Антонович Қазақстанда дүниеге келген. Ол 1926 жылғы 21 қарашада Ақмола облысының Сталин ауданына қарасты Богдановка ауылында (қазіргі — Ақкөл ауданы) туған.

Соғыс басталған кезде оның жасы 15-те еді. Екі жылдан соң, орта мектепті бітірген бойда туған бауырымен бірге әскери комиссариатқа келеді. Жігіттер Саратов облысындағы Хвалынск қаласына, оқу автополкіне жіберілді. Оқуды аяқтағаннан кейін оған сержант атағы беріліп, Беларусьтегі артиллериялық әскери бөлімге жолданды.

В. Сердюковқа «Студебеккер» маркалы автокөлікті жүргізу сеніп тапсырылды. Бұл көлік 160 миллиметрлік минометті тасымалдауға арналатын, жоғары өтімділік және жүк көтергіштік қасиеттерімен ерекшеленетін. Міндет аса жауапты әрі мәртебелі болды.

Қызмет жылдары ішінде Василий Сердюков Беларусь пен Польшаның қалаларын азат етуге қатысты, Висла, Одэр, Шпрее өзендерінен өтті. Өз айтуынша, ең ауыр шайқастар Берлинге кіреберістегі, қаладан 75 шақырым жердегі Зеелов биіктіктерінде болған. Үш тәулікке созылған қиян-кескі ұрыста 35 мың кеңес жауынгері қаза тапты. Дәл осы жерде ардагер туған бауырынан айырылды.

Василий Сердюков үшін соғыс 1945 жылғы 2 мамырда күйреген Рейхстаг қабырғасында аяқталды. 1946 жылдың басына дейін ол Германиядағы әскери бөлімде қызметін жалғастырды. Ерлігі үшін «Отан соғысы» орденімен және «Ерлігі үшін» медалімен марапатталған.

Демобилизациядан кейін Василий Антонович Астанадан 75 км жердегі Жолымбет кенішінде жүргізуші болып еңбек етті. Сол жерде 10-сыныпты бітіріп, кейін Новосібірдегі әскери теміржол инженерлері институтына оқуға түсті. Институтты аяқтаған соң Сердюков Қарағанды темір жолына, Боровское бөлімшесіне жіберілді. Курорт-Боровое станциясында кезекші, кейін пойыз диспетчері болып еңбек етті.

1961 жылы ол Целиноградқа ауысып, станция бастығының орынбасары және станция бастығы қызметтерін атқарды. Оның басшылығымен Целиноград станциясында темір жол электрлендірілді, маневрлік паровоздардың орнын тепловоздар басты. Тың игеру жылдары станцияда жүк жұмысының көлемі күрт артты. Қозғалыс қауіпсіздігі, жүктерді үздіксіз тасымалдау және еңбекті қорғау мәселелеріне айрықша мән берілді.

1970 жылы алғаш рет сұрыптау станциялары жұмысының тәжірибесін таратуға арналған мектеп ұйымдастырылды. Василий Антонович осы мектепте 20 жылдан астам еңбек етіп, 1990 жылы құрметті демалысқа шыққанға дейін қызметін жалғастырды. Ол теміржол көлігі үшін кадр даярлайтын теміржол мектебінің бастығы болды.


Ұлы Отан соғысының ардагері
Сердюков Василий Антоновичке — мәңгілік құрмет!

Сізге ерліктеріңіз үшін, бейбіт аспан мен Отанға адал қызметіңіз үшін ризашылық білдіреміз. Жаның жәннатта болсын.

Поделиться:
Популярные новости
17 / 01.06.2026

Пресс-релиз

**Астана қаласы** Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің спорт кеше�...

18 / 01.06.2026

Пресс-релиз

Балаларды қорғау халықаралық күні қарсаңында «ҚТЖ – Жүк тасымалы» ЖШС Ақтөбе қа...

67 / 19.05.2026

11 пайдалану локомотив депосы жаңа техника алды

2026 жылдың басынан бастап ҚТЖ локомотив паркі 72 Жаңа тарту техникасымен толықтыр�...

Соңғы жаңалықтар

Жедел желі

Сіз Мінез-құлық кодексінің кез келген бұзушылықтары туралы, оның ішінде сыбайлас жемқорлық, алаяқтық, әдепсіз мінез-құлық, кемсітушілік фактілері туралы хабарлай аласыз.

Толығырақ


Серіктестер