Пресс-релиз
**Астана қаласы** Л.Н. Гумилев атындағы Еураз�...
Қытай Халық Республикасының уәкілетті органдары Үрімжі және Бейжің қалаларында астық жүктеріне тереңдетілген тексеріс жүргізіп, сынамалар алып, зертханалық талдау жасайды. Тексеру мерзімі 5–10 тәулікке созылады.
Қалыптасқан жағдай Қазақстан тарапындағы инфрақұрылымның пайдалану ахуалына әсер етіп, Қытай бағытына экспорттық және транзиттік жүктері бар шамамен 3 000 вагонның жиналуына әкелді. Бұл көрсеткіш тапсыруды күтіп тұрған жылжымалы құрамның нормативтік санынан асып түседі. Аталған құрамдарды қабылдау бұрын Қытай тарапы тарапынан толық келісілген болатын.
Инфрақұрылымның тұрақты әрі қауіпсіз жұмысын қамтамасыз ету үшін «Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ контейнерлік пойыздармен жүретін жекелеген экспорттық астық жүктерін қабылдауға уақытша технологиялық шектеулер енгізуге мәжбүр: тәулігіне үш құрамнан артық емес.
Қабылданған шара уақытша және мәжбүрлі сипатқа ие, ҚТЖ жауапкершілік аймағынан тыс қабылдаушы инфрақұрылымның нақты дайындығымен жөнелтулерді синхрондауға бағытталған. Жалпы алғанда, Қазақстанның теміржол желісі штаттық режимде жұмыс істеп тұр және расталған жүк көлемдерін тасымалдауға толық дайын.
2026 жылдың басынан бастап ҚТЖ локомотив паркі 72 Жаңа тарту техникасымен толықтыр�...